Баяндамалар мен жарияланымдар – PetroKazakhstan https://petrokazakhstan.kz PK Mon, 14 Aug 2023 08:24:54 +0000 kz hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.4.5 https://petrokazakhstan.kz/wp-content/uploads/2024/02/cropped-cropped-PetroKazkhastan-1-300x77-1-32x32.png Баяндамалар мен жарияланымдар – PetroKazakhstan https://petrokazakhstan.kz 32 32 Шымкент МӨЗ жоспарлы күрделі жөндеуді жүргізу https://petrokazakhstan.kz/kz/%d1%88%d1%8b%d0%bc%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%bc%d3%a9%d0%b7-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%bb%d1%8b-%d0%ba%d2%af%d1%80%d0%b4%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d0%b6%d3%a9%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%83%d0%b4/ Sun, 09 Oct 2016 11:37:00 +0000 https://dev.petrokazakhstan.kz/?p=9323 Шымкент МӨЗ жоспарлы күрделі жөндеуді жүргізу

Шымкент қ.  

7 қазан 2016ж.
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында  «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС басқаруындағы Шымкент мұнай өңдеу зауытының технологиялық желілерін 2016 жылғы 10 қазаннан бастап 12 қарашаға дейінгі аралыққа жоспарлы тоқтататындығын хабарлайды. 
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеуді жүргізу  бойынша іс-шаралар кестесі ҚР энергетика Министрлігімен келісілген. 
Зауытта тоқтатылған күрделі жөндеуді жүргізу кезеңіне парктің барлық резервуарлары тауарлық өнімнің қажетті көлемімен толығымен толтырылған.
Күрделі жөндеуді жүргізу зауыттың өндірістік іс-әрекеттерін жақсартуға, кәсіпорынның бұдан әрі де сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жабдықтың қауіпсіздігін және сенімділігін, беріктігін арттыруға бағытталған. 
Сонымен бірге «Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру» жобасы шеңберінде  зауытта жоспарланған барлық жұмыстар күрделі жөндеу кезеңінде тоқтатылмайды. Сонымен, шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар изомерлеу қондырғысын табысты іске қосуға дайындық бойынша ауқымды жұмыстар көлемі жоспарланып отыр. 
Құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізу реттілігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сақталуын есепке ала отырып, жаңа жабдықты құрастыру, қолданыстағы құбырларды құрастыру және ауыстыру, технологиялық желілердің белгілі бір тораптарының әрекеттегі қондырғыларға жалғану және іске қосылу процестері бойынша жоспармен қосымша егжей-тегжейлі  жұмыстар көлемі жобаланды. 
Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру жобасы 2011 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде бастау алғанын естеріңізге саламыз. Жобаның негізгі мақсаты – зауыттың жұмысын мұнай өңдеу зауыттары қызметтерінің заманауи әлемдік стандарттарына жауап беретін деңгейге жеткізу.Жаңғырту – зауыттың  жылына 6 000 мың тонна қуатын қайта қалпына келтіруге, мөлдір мұнай өнімдерін, сұйылтылған көмірсутек газдарын өндіруді жылына 211 мың  тоннаға,  ал автобензиндерді  жылына 1282 тоннаға, авиациялық отынды жылына 146 мың тоннаға және дизель отынын жылына 724 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
«ПКОП» ЖШС мен «ҚМГ-ӨМ»  жұртшылықпен байланыс қызметтері

]]>
Petrokazakhstan ресурстық базасын арттыруға дайын https://petrokazakhstan.kz/kz/petrokazakhstan-%d1%80%d0%b5%d1%81%d1%83%d1%80%d1%81%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d0%b1%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd-%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%82%d1%8b%d1%80%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%b4%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bd/ Sun, 11 Oct 2009 11:36:00 +0000 https://dev.petrokazakhstan.kz/?p=9321 Petrokazakhstan Kumkol Resources  – Petrokazakhstan Қазақстан-Қытай компаниясының өндіруші бөлімшесі – Құмкөл мұнайының аса ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. Компанияның таяу уақыттағы жоспарлары туралы Argus агенттігімен өткізген сұхбатында  компанияның стратегиялық байланыстар жөніндегі вице-президенті Бақытжан Исенғалиев әңгімелеп берді.

– Компанияның үстіміздегі жылға арналған жоспарлары қандай?

– Petrokazakhstan Kumkol Resources компаниясының үстіміздегі жылы мұнай өндіру көлемі 3,1 млн тонна деңгейінде жоспарланған. Компания 6 кен орнын, соның ішінде Құмкөл кен орнының оңтүстік-шығыс бөлігін, Оңтүстік Құмкөл, Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ және Солтүстік Нұралы кен орындарын қазбалау жұмыстарын жүргізуде.

Әзірше өндіру кестесінен шамалы кешеуілдеу байқалып отыр, себебі, өткен қыста компания кен орындарында электр қуатын өшіріп тастау жайттарымен бетпе-бет келген болатын. Қазір біз кестеден кешеуілдеуімізді жоюдамыз, және жоспарлы санға жетеміз деген сенімдеміз.

– Компания қысқа мерзімді болашаққа алдына қандай мақсаттар қояды?

– Қазіргі сәтте келесі жылға, сондай-ақ алдағы 5 жылға арналған бюджет пен жұмыс бағдарламасын түзету ісі аяқталып келеді. Жуықтағы 2 жылда біз жаңа кен орындарын ашу есебінен жылына 3,2 млн тонна мұнай өндіру деңгейіне (кестені қараңыз) шығуды көздеп отырмыз. Барлау жұмыстарына біз жылына 50 млн АҚШ долларын құямыз, және де бұл өз жемісін беруде. 2008 жылы бұрғыланған 19 барлау ұңғымасының ішінде 14 ұңғыма сәтті болып шықты.

Мұнайды өндіру бір кен орнынан емес, бірнеше кен орнынан жүзеге асырылатыны, 350-ден астам ұңғыманың іске пайдаланылуы компанияның бизнесінің тиімділігіне әсерін тигізеді. Шикізаттың сапасы жақсы, алайда өндірілетін мұнайдың сулану деңгейі жоғары. Сонымен қатар біз ресурстардың біртіндеп таусылуымен бетпе-бет келіп отырмыз, сондықтан біз үшін басты міндет жаңа кен орындарын барлау мен іске пайдалануға енгізу есебінен ресурстық базамызды кеңейту болып қалып отыр. Жаңа алаңдардың бір бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысында, Құмкөл тобы орналасқан жерде, ал жаңа алаңдардың екінші бөлігі Қарағанды облысында орналасқан. 2009 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша Petrokazakhstan Kumkol Resources  компаниясының жалпы қорлары 93,3 млн тонна мұнайды құрайды.

– Жаңа алаңдар іске пайдалануға қаншалық тез енгізілуі мүмкін?

– Жаңа кен орындары үшін лицензия алу және бұрыннан бар лицензияларды ұзарту рәсіміне  белгілі бір уақыт жұмсау қажет. Сонымен қатар, таяудағы үш жылда біздің ресурстарымыз бен күш-қуатымыздың айтарлықтай бөлігі компанияның иелігіндегі Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңалау бойынша кең ауқымды жобаға бөлінетін болады.

– Зауытты жаңалау туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– Қазір біз мұнай өңдеу зауытында жылына 4,1 млн тонна мұнай өңдейміз, ал біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай жылына 6 млн тонна мұнай өңдеу деңгейіне шығу. Сонымен бірге, шығарылатын өнім Евро-3 стандарттарына сәйкес болуға тиіс, ал ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруды арттыру деңгейі 90%-ға жетуге тиіс. Зауытты жаңалау біздің өзекті қаржылық міндетіміз болып табылады. Қазір біз аталған жоба бойынша өзекті шешімдерді қабылдау сатысында тұрмыз. Жаңалау барысында зауыт әдеттегі режимде жұмыс істеп, мұнай өңдеудің жоспарлы көлемдерін азайтпайтынын айта кету керек.

– Компанияның акционерлері – CNPC пен «Қазмұнайгаздың» ынтымақтастығын қаншалықты табысты деп айтуға болады?

– Оның сәтті екені сөзсіз. Үстіміздегі жылғы қыркүйек айының соңында Пекинде өткен Халықаралық Форумда мен өзімнің баяндамамда Қазақстан мен Қытайдың Ұлттық екі компаниясының тиімді ынтымақтастығының мысалы ретінде «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметін атап өттім. Қытайлық инвесторлар Құмкөл тобын игеру жобасына жаңа технологиялар енгізіп, бизнесті жүргізу мен оның тиімділігін арттыру бойынша салиқалы тәсілдерді паш етті. Соңғы бірнеше жылда Petrokazakhstan Қазақстанның аса ірі мұнай өндірушілерінің ондығына кірді, сөйтіп, ол елдегі басты салық төлеушілердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде компанияның 3400 қызметкерінің қатарынан шетелдік қызметкерлердің үлесіне небары шамамен 2% тиетінін айта кетейін.

– Қытай компанияларының Қазақстан нарығына таралуы қаншалықты елеулі жайт болып табылады?

– Ресми деректер бойынша, ҚР мұнай-газ нарығындағы 92 компанияның 56-сы – шетелдіктер қатысатын компаниялар, соның ішінде 20 компания – қытайлық, және елдегі жалпы өндіру көлеміндегі олардың үлесі 20%-дан асады. Уақыт өте келе, Қашағанда мұнай өндіру басталғаннан кейін бұл көрсеткіш азаяюы мүмкін.

– Өткен аптада Қытайдан келген инвесторлардың «Барлау Өндіру Қазмұнайгаз» компаниясының ірі акциялар пакетін сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды.

– Депозитарлық қолхаттардың 11%-ы – ойланып, кесіп-пішу үшін едәуір жеткілікті нышан. Біз ғаламдық нарықтың әрекетінің нәтижелерін көріп отырмыз, онда нарықтың қаржылық құралдарымен жұмыс істеу таразыланып, мұқият ойластырылған шешімдерді талап етеді.

Petrokazakhstan Kumkol Resources компаниясының мұнай өндіруі   

ЖылКөлемі (млн т)соның ішінде жаңа кен орындарында өндіру (мың т)
20083,20
20093,10
20103,00250
20113,20480
20123,16570
]]>
Дағдарыстан жаңа мүмкіндіктер іздеу керек https://petrokazakhstan.kz/kz/%d0%b4%d0%b0%d2%93%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%bc%d2%af%d0%bc%d0%ba%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%80-%d1%96%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%83/ Wed, 10 Jun 2009 11:35:00 +0000 https://dev.petrokazakhstan.kz/?p=9319 Казахстанская правда (Аcтана), № 141 (25885), 11.06.2009 жыл.

Дағдарыстан жаңа мүмкіндіктер іздеу керек  /Любовь Доброта/

Еліміздегі мұнай өнімдері өндірісінің жалпы көлемінің үштен бірінен астамы Шымкент мұнай өңдеу зауытының еншісінде. «Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС бензин мен дизельдік отынның бірнеше маркасын, мазут, реактивтік отын мен сұйылтылған газ шығарады. Бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорнының вице-президенті Азамат Әкішев кәсіпорын өз ресурстарын әзірше толық қуатымен пайдаланбай келе жатыр деп санайды. Ол соңғы он екі жыл бойы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеп келеді, сондықтан мұнай өнімдері нарығын жақсы біледі. Сөз арасында, бүгін Азамат Нұрдәулетұлы өзінің елу жылдық мерейтойын атап өтеді, алайда біздің кездесуімізге себеп болған – зауытты жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама, оны іске асыру қажет екені туралы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы айтқан болатын.

– Біздің зауыт өнімдерді жеткізу тұрғысынан алғанда Қазақстанның ең бір тұрақты мұнай өңдеуші кәсіпорны болып табылады. Өткен жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында 4 308 190 млн тонна мұнай қайта өңделді. Өсу серпіні түсінікті болуы үшін, мұның осының алдындағы жылға қарағанда ширек миллион тоннаға артық екенін айтайын. Алдымызда ашық түсті мұнай өнімдерін шығару көлемін арттыру міндеті тұр. Ол үшін зауытта жаңа техникалық жағдайлар (стандарттар) әзірленді, ал өткен жылғы мамыр айынан бастап жаздық дизельдік отынның жаңа ДТЛ + -5 маркасының өндірісі игеріліп, сертификатталды. Бұл жаз айларында дизельдік отынды шығаруды арттыру есебінен ашық түсті мұнай өнімдерін шығару бойынша зауыттың көрсеткіштерін жақсартты, сондай-ақ әсіресе егіс кезеңінде жанар материалдардың осы түріне деген артып келе жатқан мұқтаждықты қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Зауыт сондай-ақ экологиялық менеджменттің ең озық талаптарына және нормаларына сәйкес жұмыс істей алатынын табысты дәлелдеді. Тиісті халықаралық аудит жүргізілгеннен кейін, 2008 жылы мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау секілді қызмет түрлерін қамтитын ұйымдастырушылық құрылымның ISO 14001:2004 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес әрекет ететінін куәландыратын сертификат берілді. Сондай-ақ технологиялық процессті бақылауды жетілдіруге бет алған зауытта тағы бір маңызды жаңалық: «Сигма-файн» (Sigma-Fine) кешенді компьютерлік жүйесін іске қосу аяқталып қалғанын айта кеткім келеді. Бұл жүйе мұнай және мұнай өнімдерінің материалдық балансын есептеп шығаруға, және де кез келген уақыт кезеңі үшін тораптар, қондырғылар, цех пен зауыт бойынша бөлек есептеп шығаруға арналған.

Солай болғанымен, бізде түйінді мәселелер де бар. Зауыт елдегі үш мұнай өңдеу зауытының арасындағы ең «жас зауыт» екеніне қарамастан, қысқартылған тәсім бойынша жұмыс істейді де, мұнайды қайта өңдеу тереңдігі жағынан Павлодардың мұнай өңдеу зауытынан кем түседі. Мұның негізгі себебі – баяу кокстау мен катализдік  крекинг қондырғыларының, яғни, ашық түсті мұнай өнімдерінің көбірек пайызын шығарып алуға мүмкіндік беретін екінші дәрежелі екі үрдістің технологиялық тізбекте болмауы.

— Азамат Нұрдәулетұлы, Үкімет отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту бағдарламасын бекітті, тіпті зауыттарды қайта құрылмалаудың алдын ала құны да аталды: үш миллиард АҚШ долларынан астам. Сіздің ойыңызша, мұның маңызы қаншалықты және тап сіздердің кәсіпорындарыңызда бұл бағытта не тындырылып жатыр?

– Шымкент МӨЗ құрылысы 1972 жылы басталды, ал 1985 жылдың қаңтарында зауыт алғашқы өнімін берді, соңғы технологиялық қондырғы іске пайдалануға он жеті жыл бұрын енгізілді. Сондықтан зауыттың жабдығы ескірді және сапа стандарттарының талаптарына сәйкес өнімдер бере алмайды. Оны осыдан он жыл бұрын жаңарту керек еді. Кезінде зауытта катализаторлық крекинг қондырғысы іске пайдалануға қосылмағанына байланысты, ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру 62 пайыздан аспайды. Өздеріңіз қарап көріңіздер. Жуырда жанармай сапасын қадағалау жөніндегі халықаралық орталық (IFQC) әлемнің түрлі елдерінде жанармай сапасын зерттеу жұмысын жүргізді. Оның нәтижелері бойынша жасалған рейтингте Қазақстан 90-шы орын алды. Ал тізімде барлығы бір жүз позиция. Осы көрсеткіштер бойынша біз тіпті Өзбекстан мен Әзірбайжаннан кенже қалып отырмыз. Жоғары октанды бензиннің 35 пайызына дейін біз Ресейден әкелеміз. Егер біз жанармай тапшылығы мәселесін қазір шешпесек, онда болашақта импортшыларға түгелдей тәуелді Украинаның кебін киюіміз мүмкін. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында былай деп атап айтқаны кездейсоқ емес: «біз қолданыстағы келешегі мол инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды жалғастырамыз. Бұл ең алдымен – мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту». Жаңарту барысында біз бірнеше мақсатқа қол жеткізбекпіз. Олардың қатарында – ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді 62 пайыздан 85 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ мұнай химиясы өнімдерін – полипропилен, бензол және қарапайым күкірт өндірудің есебінен сұрыпталымды кеңейту. Басым бағыттардың қатарында сондай-ақ өндірілетін өнімдерді ЕВРО-4 стандарттарының талаптарының деңгейіне дейін көтеру және экологиялық параметрлердің сапасын жетілдіру ісі де бар. Зауыттың шикізат бойынша қуаты алты миллион тоннаға жетеді. Біз тиісті маркетингілік зерттеулер жүргіздік, жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отырған жаңарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде, ал содан кейін жобалық жұмыстар және тікелей қайта құрылмалаудың өзі басталады деген үміттеміз. Осы жылдың 14 мамырынан бастап ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009—2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіткенінің маңызы зор. Бұл құжаттың басты мақсаты – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұнай өңдеу саласын кешенді түрде дамыту.

– Бүгін бүкіл әлем қаржылық және экономикалық дағдарысты бастан кешуде. Оның салдары сіздердің мұнай өңдеу зауатының жұмысына әсер етті ме?

– Иә, біз әлемдік дағдарыстың салдарын едәуір қатты сезіндік. Біріншіден, мұнай бағасының құлдырауы мұнай өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықтарындағы маркетингілік жағдайдың нашарлауына әкелді. Мұнай өнімдерін өткізуде қиыншылықтар туындады. Әсіресе бізге өткен жылдың қарашасынан биылғы жылдың ақпанына дейінгі кезең ерекше қиынға соқты. Зауыттың барлық резервуарлары түгелдей толды да, біз мазутты қоймаға жауапты сақтауға қайтадан қоюға мәжбүр болдық. Зауыт 287 мың тоннадан астам, немесе айына 72 мың тонна мазут шығарды. Ал еліміздің ішкі нарығына қажет мазуттың көлемі шамамен айына 150 мың тоннаны құрады. Сөйтіп, барлық мұнай базалары мазутқа лық толды. Тіпті мазутты жыл сайын тұтынатын Шымкенттік «Энергоорталық-3» АҚ жылыту маусымында мазуттан бас тартты, өйткені олар үшін газ тұтыну одан гөрі пайдалы болып шықты. Екіншіден, теңгенің девальвациялануы біз алыс және жақын шетелдерден шетел валютасына сатып алатын жабдық пен қосалқы бөлшектерге жұмсалған шығынымыздың айтарлықтай артуына әкеліп соқты. Жасыратыны жоқ, Шымкент МӨЗ Ресей, Украина, АҚШ, Германия, Польша және басқа елдердің импорттық өндірістік қондырғыларымен және жабдығымен жарақталған. Ал ондай жабдыққа қосалқы бөлшектер мен жинақтауыш құрылғылар Қазақстанда не мүлдем шығарылмайды, не техникалық стандарттар бойынша өлшемдерге, жарылыстан қорғау, материалдардың сапасы және басқа параметрлер бойынша талапртарға сәйкес келмейді. Дегенмен 2009 жылы зауыт тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді он миллиард теңгеден астам жалпы сомаға сатып алуды жоспарлап отыр. Олардың Қазақстанда шығарылатын үлесі 61 пайызды құрайды деп күтілуде.

— Азамат Нұрдәулетұлы, компания басшылығы дағдарыстың теріс салдарын жеңу бойынша қандай шаралар қабылдауда?

— Біз дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді бағдарламасын қабылдадық, оның негізгі құрамдас бөліктері – барлық шығындарды оңтайландыру, пайдасыз және бейінді емес активтерді сатып өткізу, операциялық және әкімшілік шығындарды айтарлықтай қысқарту, сондай-ақ қызметкерлер құрамын оңтайландыру бойынша бағдарламаны іске асыру болып табылады. Қаражатты қалайша және қайда жұмсау туралы шешімдер қабылдауда анағұрлым жауапты болуға, басым бағыттарды анағұрлым айқын белгілеуге тура келеді. Ал ең маңыздысы – біз зауыттың жұмысшы қызметкерлер құрамын жаппай қысқартуға және жұмыстан шығаруға жол бермедік. Қытай тілінде «дағдарыс» деген иероглиф бар, ол сондай-ақ «қатер» мен «мүмкіндік» деген мағынаны береді. Бір жағынан дағдарыс бізді ойлануға, анағұрлым жақсы әрі серпінді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Екінші жағынан дағдарыс бізге өзімізді көрсетіп, жақсы жақтарымызды ашуға, кейбір жайттарды ой елегінен өткізуге, алға ілгерілеу үшін жаңа жолдар іздеуге мүмкіндік береді. Дағдарыстан біздің нығайып, күшті болып шығатынымызға сенімдімін.

— «Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС әрқашан да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саясатына адалдығымен ерекшеленетін. Кәсіпорын басшылығының сіздің компанияларыңыздың стратегиясын түзету туралы ниеті бар ма?

— Көптеген мұнай компанияларын өз шығындарын анағұрлым үнемдеуге мәжбүр еткен қаржылық дағдарысқа және мұнай бағасының күрт құлдырауына қарамастан, «ПҚОП» әлеуметтік жауапкершілік саясатынан бас тартуды ниет етпейді. Жыл сайын облыс әкімшілігі мен компанияның арасында әлеуметтік көмек көрсету туралы меморандумдар жасалады. Мәселен, биыл облыстың әлеуметтік жобаларына бір миллион АҚШ долларын бағыттау туралы шешім қабылданды. Біз балет мектебіне, қамқорлығымыздағы Сайрам балалар үйіне, «ОҚО әйелдер мен балаларды қолдау орталығы» Қоғамдық Қорына, «Жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеу жөніндегі «Ана мен бала» орталығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты демеушілік көмек көрсетіп келеміз. Зауыт Жұлдыз кентіне апаратын су құбырының құрылысын қаржыландырды, енді оның тұрғындары сапалы ауыз су ішіп отыр. Біз сондай-ақ спорттық-сауықтыру жөніндегі көптеген іс-шараларды өткізуді қолдаймыз. Бұл біздің қала, сондықтан да бізді оның жағдайы мен болашағы толғандырмай қоймайды.

]]>
«Қазақстан Қытайдың энергетика секторында барған сайын үлкен рөл атқаруда» https://petrokazakhstan.kz/kz/%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d1%8b%d1%82%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d1%8d%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%b0-%d1%81%d0%b5%d0%ba%d1%82-2/ Tue, 04 Nov 2008 11:33:00 +0000 https://dev.petrokazakhstan.kz/?p=9317 «Мұнайшы» журналының сұрақтарына «ПетроҚазақстан» компаниясының Президенті Бо Чилян мырза жауап береді.

Қазақстан Қытайдың энергетикалық балансында қандай орын алады? Сіз осы бағыттағы өзара қарым-қатынастың болашақта даму барысын қалай бағалайсыз?

Бірнеше жылдар бойы Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестік негізіндегі іскерлік ынтымақтастықты табысты дамытып келе жатыр. Қазақстан Қытайдың энергетика секторында барған сайын үлкен рөл атқаруда. Дегенмен де, осы рөлді күшейте түсу үшін мүмкіндіктер әлі де бар. Мен мынадай статистикалық деректерді келтірер едім: Қытай Халық Республикасында шикі мұнайды нақты тұтыну көлемі 2007 жылы 345,9 млн тоннаны құрады, осының тек 5,33 млн тоннасы (немесе 1,54%) ғана Қазақстаннан импортқа әкелінді. Қазақстан мұнайын Қытайға экспортқа шығару көлемі Қазақстан-Қытай құбыр жолы құрылысының екінші сатысы аяқталғаннан кейін артады деп күтілуде.

Сіз ҚҰМК-ның Қазақстанның мұнай-газ нарығындағы бүгінгі жағдайын қалай бағалайсыз? Оның осы нарыққа қатысуын кеңейту жоспарлары бар ма?

Қазақстанда өзінің бизнесін дамытып келе жатқан он жылдан астам уақыт ішінде ҚҰМК бүгін мұнай саласындағы қызметтің барлық түрлерімен, соның ішінде көмірсутектерді геологиялық барлаумен, өндірумен және өңдеумен, оларды тасымалдаумен және маркетингімен белсенді түрде айналысады. Компания инвестициялау саласында және елдің экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымына үлес қосу тұрғысынан аймақтағы көшбасшылардың біріне айналды.

Іскерлік даму үшін қолайлы мүмкіндіктер инвесторлар үшін әрқашан да тартымды болып табылады. Жауапкершілігі жоғары корпоративтік азамат бола отырып, ҚҰМК өзінің қызметін кеңейту мақсатында шешімдер қабылдаған кезде әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін байсалды түрде қарастырады. Осылайша, ҚҰМК компанияның және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының мүдделерінде қызметін кеңейтудің әр мүмкіндігін пайдаланатын болады.

Соңғы кездері Қазақстанның бақылау органдары экологиялық түйінді мәселелерге үлкен көңіл бөледі, атап айтқанда, ілеспе газды алауларда жағуға тыйым салады. «ПетроҚазақстан» компаниясы Құмкөлге келгенге дейін өндірілетін ілеспе газдың барлығы дерлік алауларда жағылып келгені мәлім. Сіздер осы мәселені қалай шешіп жатырсыздар?

Мұнай өндіру қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға қамқорлық жасау ҚҰМК үшін Қытайда да, сондай-ақ халықаралық деңгейде де аса маңызды басымдық болып табылады. Бұл компанияның «Қуат беру және Үйлесімдік жасау» деген жетекші қағидасын ашып көрсетеді. Сондықтан Қазақстанда өзінің қызметін жүргізе бастаған кезден-ақ ҚҰМК газды алауларда жағу мәселесімен көңіл қойып айналыса бастады.

2005 жылғы қазан айында «ПетроҚазақстанның» активтерін сатып алғаннан кейін компания газды кәдеге жарату жөніндегі жобаларға 150 млн доллардан астам қаражат жұмсап, Құмкөл кен орындары тобындағы 131 алаудың 112-сін сөндірді. 2008 жылдың соңына дейін барлық алаулар сөндіріледі деп күтілуде. Қазіргі кезде ПҚҚР Құмкөлдегі және КАМ кен орындағы газ қалпағына газды кері айдау ісін жүзеге асыруда, бұл мұнай беруді арттыруға мүмкіндік береді және экологияны жақсартады. Сонымен қатар, Құмкөл кен орнында өндірілетін ілеспе газ газ-турбиналы қондырғыларда электр қуатын өндіру жолымен кәдеге жаратылады.

Құмкөл кен орындары тобының болашақта қалай дамитыны туралы айтып берсеңіз?

Құмкөл кен орны негізгі кен орны болып қалады және Оңтүстік-Торғай алабындағы біздің мұнай-газ операцияларымызда маңызды рөл атқаратын болады. Кен орны түгел дерлік қазбаланып болғанына қарамастан, біз құрған көмекші инфрақұрылым, соның ішінде мұнай сақтау қоймалары, электр қуатымен, сумен және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен жабдықтау жүйелері бұл жерден шалғайырақ орналасқан активтерді геологиялық барлау, бағалау мен қазбалау ісін жалғастыруға қолдау көрсету үшін сенімді негіз болып табылады.

Құмкөл кен орнында алуан түрлі мұнай операцияларының үлкен көлемі іске асырылуда, сондықтан ол болашақта да біздің жас мамандарымызды техникалық және іс-тәжірибелік машықтармен қамтамасыз етуде өзекті рөл атқаратын болады. Соңғы жеті жылда негізгі Құмкөл шоғырынан бір-екі-ақ шақырым жерде екі жаңа кен орны табылды, олар да қазбаланатын болады. Олар Құмкөлде бар ортақ инфрақұрылымды ішінара пайдаланып, біздің операцияларымыздың көлемінің артуын қамтамасыз етуге және «ПетроҚазақстан» компаниясының бүкіл өндіруші бөлімшесін тұрақты дамытуға өздерінің үлесін қосады.

Құмкөл кен орны жуырда тағы бір маңызды міндетті жүзеге асыру үшін, атап айтқанда, Атасу – Алашанькоу мұнай құбыр жолының бойындағы басты орталық сорғылық станция ретінде таңдалды. Бұл Құмкөл кен орны болашақта атқаратын көп салалы рөлдің дәлелі болып табылады.

Шымкент МӨЗ «ПетроҚазақстан» компаниясының маңызды активі екенін назарға ала отырып, осы зауытқа қатысты Сіздердің жоспарларыңыз қандай?

1985 жылы салынған Шымкент МӨЗ-дің жобалық қуаттылығы жылына 5,25 млн тоннаны құрайды. 2007 жылы онда 4,06 млн тонна мұнай қайта өңделді. Салыстыру үшін айтсақ, 2006 жылы бұл көрсеткіш 4,04 млн тонна мұнайды құраған болатын.

Біз мұнай резервуарларын қайта жарақтандыру бойынша жұмысты жалғастырдық. Мысалы, сыйымдылығы 20 мың тонна 304/4 мұнай резервуары мұнай қожынан тазартылып, оны толық жөндеу және қайта құру іске асырылды. Сонымен қатар, екі трансформаторлық қосалқы станцияның ескірген жабдығын ауыстыру іске асырылды, іркіліссіз жұмысты қамтамасыз ету үшін мұның маңызы өте зор. Жалпы алғанда, 2007 жылы МӨЗ-ді жаңартуға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемі 19 млн АҚШ долларын құрады.

Октандық саны жоғары бензиннің шығысының барынша үлкен деңгейіне қол жеткізілді – жалпы көлемнің 50%-ынан астамы. Бұл орайда ашық түсті мұнай өнімдерінің қайта өңделген мұнайдың көлеміне арақатынасы 62%-ға жетті.
2008 жылы жоспарланып отырған жаңарту ісі ашық түсті мұнай өнімдерінің шығысын арттыруға мүмкіндік береді және олардың сапасын Еуро-3 және Еуро-4 стандарттарының деңгейіне дейін көтереді, полипропилен, бензол және қарапайым күкірт сияқты жаңа өнімдерді шығаруды, сондай-ақ зиянды төгінділерді азайтуды қамтамасыз етеді.

]]>
«Қазақстан Қытайдың энергетика секторында барған сайын үлкен рөл атқаруда» https://petrokazakhstan.kz/kz/%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d1%8b%d1%82%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d1%8d%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%b0-%d1%81%d0%b5%d0%ba%d1%82/ Thu, 10 Apr 2008 10:41:00 +0000 https://dev.petrokazakhstan.kz/?p=9264 «Мұнайшы» журналының сұрақтарына «ПетроҚазақстан» компаниясының Президенті Бо Чилян мырза жауап береді.