Жаңалықтар – PetroKazakhstan https://petrokazakhstan.kz PK Tue, 16 Jul 2024 11:50:44 +0000 kz hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.4.5 https://petrokazakhstan.kz/wp-content/uploads/2024/02/cropped-cropped-PetroKazkhastan-1-300x77-1-32x32.png Жаңалықтар – PetroKazakhstan https://petrokazakhstan.kz 32 32 ҚазМұнайГаз мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді https://petrokazakhstan.kz/kz/%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%bc%d2%b1%d0%bd%d0%b0%d0%b9%d0%b3%d0%b0%d0%b7-%d0%bc%d2%af%d0%bc%d0%ba%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96%d0%b3%d1%96-%d1%88%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%83%d0%bb%d1%96-%d0%b6%d0%b0%d0%bd/ Tue, 16 Jul 2024 11:42:21 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=26301

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы «Samruk Business Academy» ЖМ бірлесіп, 2024 жылдың 18 шілдесінде сағат 11:00-де мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесін өткізеді.

Жәрмеңкеніңмақсаты ‒ мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу. Жәрмеңкеге10-нан астамжұмыс беруші қатысады.

Үміткерлерге келесі компаниялар бос жұмыс орындарын ұсынады: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «КМГ Инжиниринг» ЖШС, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС, «KMG-Security» ЖШС, «ПетроҚазақстан» ЖШС, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК.

Компаниялардың ресми өкілдері өз ұйымдарының қызметі туралы ақпарат беріп, бос жұмыс орындарымен таныстырады, үміткерлердің сұрақтарына жауап береді.

Инклюзияны дамыту ҚазМұнайГаздың және барлық  компаниялардың кадр саясатындағы басым бағыттардың бірі. Алдағы бос орындар жәрмеңкесінде әртүрлі салалардағы, соның ішінде: әкімшілік және өндірістік секторлар, ақпараттық жүйелер, қауіпсіздік қызметі және тағы басқа жұмыс түрлері ұсынылады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін барлық ниет білдірушілерге 2024 жылғы 18 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де  https://www.youtube.com/live/Mr3trlryC80?si=Z845EDlFKXDktTao сілтемеге өту қажет.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобындағы компанияларға қызметкерлер қарастыру мен іріктеудің бойынша барлық іс-шара www.QSamruk.kz онлайн платформасында жүзеге асырылады.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған бос орындарда арнайы белгі болады. Құжаттарды сайтқа тапсыру кезінде рекрутерлер инклюзивті үміткерлерді басымдық түрде қарастыратын түйіндемеде мүгедектіктің болуын белгілеп өту керек.

Платформада ай сайын 2500-ден астам бос жұмыс орны ашылады. Тіркелу кезінде жауап жіберердің алдында үміткер түйіндеменің бос лауазымда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруі қажет. Өйткені жауап бірінші роботтық жүйе арқылы қарастырылады. Сәйкессіздік және тиісті ақпарат болмаған жағдайда бас тарту автоматты түрде жасалуы мүмкін. 

]]>
А.Хасенов: ПҚОП-тың тұрақты әрі сенімді жұмысы аса маңызды https://petrokazakhstan.kz/kz/%d0%b0-%d1%85%d0%b0%d1%81%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%bf%d2%9b%d0%be%d0%bf-%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d1%82%d2%b1%d1%80%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b-%d3%99%d1%80%d1%96-%d1%81%d0%b5%d0%bd%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96/ Thu, 11 Jul 2024 04:10:35 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=26278

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өңірге сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытында (“ПҚОП” ЖШС) жиын өткізді. Кездесуде талқыланған негізгі мәселелердің бірі — кәсіпорынның қуатын арттыру жобасы болды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында зауытта 2,5 млн тоннадан астам мұнай өңделіп, 919 мың тоннадан астам бензин, 755 мың тонна дизель отыны, 143 мың тонна авиакеросин, 141 мың тонна сұйытылған газ, 344 мың тоннадан астам мазут және шамамен 5,1 мың тонна күкірт өндірілді.

— Шымкент мұнай өңдеу зауытының тұрақты әрі сенімді жұмысы ішкі отын нарығын, әсіресе халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірді әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, — деп атап өтті А.Хасенов.

Жиын барысында ҚМГ басшысы зауыт басшылығының алдына мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өндірістік жоспарды орындау, технологиялық жану мен жоғалтуды азайту, сондай-ақ операциялық шығындарды қысқарту бойынша міндеттер қойды.

Источник : t.me/kmgpress /4119
]]>
Биыл Қазақстан мұнайына 125 жыл толып отыр! https://petrokazakhstan.kz/kz/%d0%b1%d0%b8%d1%8b%d0%bb-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%bc%d2%b1%d0%bd%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bd%d0%b0-125-%d0%b6%d1%8b%d0%bb-%d1%82%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bf-%d0%be%d1%82/ Mon, 17 Jun 2024 06:14:32 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=26170

Биыл Қазақстан мұнайына 125 жыл толып отыр. Осыған орай «Қазақ мұнайының тарихы» айдары елдегі мұнай өнеркәсібінің қалыптасуына, өсіп-өркендеуіне арналатын болады. Бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытының даму кезеңдері жайлы айтамыз.

ЛК-6У қондырғысы аббревиатурасымен белгілі Шымкент мұнай өңдеу кешенінің құрылысы 1972 жылы басталды. 1983 жылы зауытқа Батыс Сібірден алғашқы мұнай келіп жетті. 1984 жылы ЛК-6У қондырғысынан тікелей айдау әдісімен алғаш бензин өндірілді. Бұл оқиға монтаждау жұмыстарының аяқталғанын білдіріп, монтажшылар секция ұжымына зауыттың символдық кілтті 100 секцияның бірінші бастығы Ербол Жаңабаевқа тапсырды.

1985 жылы 28 қаңтарда Шымкент бензинінің алғашқы литрі алынды. Алдын ала гидротазарту блогымен каталитикалық риформинг және дизель отынын гидротазарту қондырғысы іске қосылды. Келесі жылы газ фракциялау қондырғысы – күкірт өндіру қондырғысы пайдалануға берілді. Сол кезден бастап зауыт схема бойынша толық жұмыс істей бастады.

Зауытты іске қосу оңай болған жоқ. Әртүрлі жағдай болды, барлық жұмыскер күш-жігерін аямай, қажырлы еңбек ітті. Мамандардың ерік-жігері мен кәсіби біліктілігінің арқасында ЛК-6У қондырғысы жылына 6 миллион тонна мұнай өңдеу жобалық қуатына шықты.

Мұнайды бастапқы өңдеуді ғана емес, сонымен қатар шикізатты өңдеудің қайталама процестерін жүзеге асыратын бұл аралас кешен сол кезде ең заманауи және қуатты кәсіпорын болып саналды.

🖥 #ҚазақМұнайыныңТарихы

Источник : https://t.me/kmgpress
]]>
Шымкент МӨЗ өндірістік қуатын жылына 12 млн. тоннаға дейін арттыру жобасы https://petrokazakhstan.kz/kz/%d1%88%d1%8b%d0%bc%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%bc%d3%a9%d0%b7-%d3%a9%d0%bd%d0%b4%d1%96%d1%80%d1%96%d1%81%d1%82%d1%96%d0%ba-%d2%9b%d1%83%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%bd%d0%b0-12/ Fri, 24 May 2024 04:28:05 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=26067

2024 жылғы 23 мамырда Энергетика министрлігі (министрлік), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ, “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” ЖШС (ПКОП) және CNPC өкілдерінің қатысуымен “Шымкент МӨЗ қуаттылығын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыру” жобасының мәртебесі мен жоспарланған жұмыстары бойынша жұмыс кеңесі өтті.

* ПКОП зауыты-өндірістік қуаты жылына 6 млн.тонна болатын Орталық Азиядағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі. Ол ең алдымен, еліміздің мотор отынына деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
* Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде шикізатпен, инфрақұрылыммен және энергоресурстармен қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану мәселелерін қарады. Сондай-ақ әлеуетті инвесторлардың қарсы міндеттемелерін айқындайтын ҚР және ҚХР үкіметаралық келісімінің жобасын әзірледі.
* Жоба мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде жоғары деңгейдегі өңделген өнім шығаратын кластер құруға көзделген басым бағыттардағы 15 ірі жобаның тізіміне кіреді.
* Алдын ала есептеулер бойынша жобаны іске асыру автобензин өндірісін 700 мың тоннаға, авиаотын өндірісін 700 мың тоннаға, дизель отынын өндіруді 3,9 млн.тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
* Жаңа нысандарды іске қосу 2030 жылға жоспарланған.

Источник : https://www.gov.kz
]]>
Павлодар мұнай-химия зауытында мұнай өңдеу тереңдігі 89,63%-ға жетті https://petrokazakhstan.kz/kz/%d0%bf%d0%b0%d0%b2%d0%bb%d0%be%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d0%bc%d2%b1%d0%bd%d0%b0%d0%b9-%d1%85%d0%b8%d0%bc%d0%b8%d1%8f-%d0%b7%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d0%bc%d2%b1%d0%bd%d0%b0%d0%b9-2/ Wed, 22 May 2024 11:07:21 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=26054

Глубина переработки нефти (ГПН) на Павлодарском НХЗ в 2023 году выросла на 1,44% и составила 89,63%. На Шымкентском НПЗ за прошлый год глубина переработки выросла на 2,09% и составила 84,88%. Наибольший прирост зафиксирован на Атырауском НПЗ, где глубина нефтепереработки составила 82,09%, увеличившись на 6,37%.

Глубина переработки нефти — это показатель производства ценных нефтепродуктов. Часто используется в качестве показателя эффективности нефтепереработки и рассчитывается из отношения объёма продуктов переработки нефти к общему объёму сырья при переработке нефти.

ГПН — основополагающий показатель степени технического и экономического совершенства НПЗ. Принято считать, что 93-95% — практически максимально достижимый результат, в то время как 50% — низший предел, обеспечивающий окупаемость затрат на переработку нефти.

Источник : https://t.me/kmgpress

]]>
ПетроҚазақстан Қазақстанның мәдени әлеуетіне үлес қосуда https://petrokazakhstan.kz/kz/%d0%bf%d0%b5%d1%82%d1%80%d0%be%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%bc%d3%99%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d0%b8/ Mon, 20 May 2024 13:04:15 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=25966 2024 жылдың 23 сәуірінде атақты оқу орны – Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде Қытай елінің Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым,  CNPC Орталық Азия және Ресей корпорациясының президенті Биан Дыжы мырза, сонымен қатар ПетроҚазақстан компаниясының президенті Ян Миньюй мырза қатысқан кездесу өтті.

Делегация мектеп басшылығын және оқушыларын 90 жылдық мерейтоймен құттықтап, Қазақстанның өнер мен мәдениетіне қатысты жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

ПетроҚазақстанның екінші акционері, CNPC Орталық Азия және Ресей корпорациясы мекемеге оқушылардың оқу жағдайын жақсартуға 2 млн.тенге сертификат табыстады.

Айта кетейік, ПетроҚазақстан Алматы хореографиялық училищесін 2008 жылдан бастап қолдап келеді. Сол уақыт ішінде жемісті серіктестік шеңберінде іске асырған жобалар аз емес, олардың ішінде шығармашылық жобалар, мектепті абаттандыру мен инфрақұрылымды жақсартуға байланысты ұйымдық-экономикалық мәселелерді шешу сияқты көптеген жобалар жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, компания демеушілігінің арқасында училище хореографиялық оқу орындарының арасында «Өрлеу» халықаралық конкурсын өткізіп жүр. Биыл байқауда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Якутия, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы және т.б. мемлекеттерден келген 100-ден астам жас өнерпаз өз өнерлерін көрсетті.

Алматы хореографиялық училищесіне ұзақ уақыт бойы қолдау көрсету арқылы компания, шын мәнінде, елдегі мәдени және білім беру жобаларын дамытуға деген ұмтылысын растауда.

]]>
Бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПҚОП» ЖШС) ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сай мұнайды бастапқы өңдеу кешенінде жоспарлы-алдын алу жұмыстары аяқталды. https://petrokazakhstan.kz/kz/%d0%b1%d2%af%d0%b3%d1%96%d0%bd-%d1%88%d1%8b%d0%bc%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%bc%d2%b1%d0%bd%d0%b0%d0%b9-%d3%a9%d2%a3%d0%b4%d0%b5%d1%83-%d0%b7%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0/ Tue, 23 Apr 2024 04:56:00 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=25885

Қысыммен жұмыс істейтін 227 түтікше, 12 технологиялық пеш, 54 технологиялық құбыр бойынша жабдыққа техникалық куәландыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы жүргізілді. Жоспарлы-алдын алу жұмыстарына ПҚОП персоналынан басқа, 32 мердігер ұйымынан 2 110 адам жұмылдырылды. Зауытта іске қосу процедуралары басталды.

Дереккөз : https://t.me/kmgpress

]]>
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстарының 55%-ы орындалды. https://petrokazakhstan.kz/kz/%d1%88%d1%8b%d0%bc%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%bc%d2%b1%d0%bd%d0%b0%d0%b9-%d3%a9%d2%a3%d0%b4%d0%b5%d1%83-%d0%b7%d0%b0%d1%83%d1%8b%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80-3/ Mon, 15 Apr 2024 04:55:06 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=25830

ПҚОП-тағы жоспарлы алдын алу жұмыстары екі аптадан бері жалғасып келеді. Ол технологиялық, энергетикалық және метрологиялық жабдықтардағы профилактиканы, қысыммен жұмыс істейтін түтікшілердің, технологиялық пештердің және құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау және техникалық куәландыру жұмыстарын қамтиды.

Зауыттағы бұл жұмысқа 31 отандық сервистік компания жұмылдырылды. Кейбір жұмыс түрлеріне Ресей және Қытай мамандары тартылды. Персоналдың жалпы саны шамамен — 2100 адам. Сондай-ақ, 100-ден астам арнайы техника тартылған. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылып, кәсіпорын аумағындағы барлық жұмыс тәулік бойы жүргізіледі.

Бұл кезеңде ПҚОП өтінімдерге сәйкес кесте бойынша мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастыруда.

https://t.me/kmgpress арнасына жазылыңыз!

]]>
Шымкент МӨЗ (ПҚОП) жоспарлы алдын алу жұмыстарының бірінші аптасы аяқталуда. https://petrokazakhstan.kz/kz/%d1%88%d1%8b%d0%bc%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%bc%d3%a9%d0%b7-%d0%bf%d2%9b%d0%be%d0%bf-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%bb%d1%8b-%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%bd-%d0%b0%d0%bb%d1%83-%d0%b6%d2%b1/ Mon, 01 Apr 2024 06:51:27 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=25794 Жоспарлы алдын алу жұмыстарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаға сәйкес ҚР Энергетика министрлігінің кестесі бойынша өткізілуде. Жоспарлы алдын алу жұмыстарын орындайтын мердігерлерге қауіпсіздік техникасы мен жұмыстар мерзімдерін қатаң сақтау міндеттері қойылды.

Қазіргі уақытта ПҚОП-та мұнай өнімдері бойынша келесідей қор қалыптастырылды: автобензин — 42 100 тонна (Аи-92 — 31 400 тонна; Аи-95 — 10 700 тонна), дизель отыны — 29 300 тонна.

Жұмыстардың барлық кезеңінде ЖЖМ ішкі нарық үшін біркелкі жөнелтілетін болады.

]]>
РАУШАН ЖҰБАНИЯЗ – «2023 ЖЫЛДЫҢ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ» https://petrokazakhstan.kz/kz/%d1%80%d0%b0%d1%83%d1%88%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d2%b1%d0%b1%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f%d0%b7-2023-%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%b5%d2%a3%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d1%82%d1%96-%d2%9b%d0%be/ Mon, 18 Mar 2024 12:58:21 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=25695 Химиялық талдау жөніндегі 3-разрядты зертханашы Раушан Жұбанияз ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған республикалық конкурста «2023 жылдың еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» болып танылды.

Ағымдағы жылдың 31 қаңтары күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қорытынды отырысы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары мен кәсіподақ сауықтыру орындары арасында өткен «Қауіпсіз еңбек саласындағы 2023 жылдың үздік көшбасшы кәсіподақ ұйымы», «2023 жылдың еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» және «Жылдың үздік шипажайы» атты үш республикалық конкурстың қорытындылары шығарылды. Жеңімпаздарға марапаттарды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин табыстады. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясы өткен 2023 жылды қауіпсіз еңбек жылы деп жариялады. Осы қолдаумен республикалық деңгейде тақырыптық конкурстар өткізілді.

 Конкурс қорытындысы бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытының кәсіподақ ұйымы «Үздік кәсіподақ ұйымы» атанды. Кәсіподақтың техникалық инспекторлары да өз жетістіктерімен жарысқа түсті. Нақты сектор экономикасы салаларындағы кәсіпорындар арасында өткен «2023 жылдың еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» конкурсының нәтижесі бойынша төмендегілер марапатталды: Қостанай облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағына қарасты «Успеновское» шаруа қожалығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор Лариса Зубченко, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы РАУШАН ЖҰБАНИЯЗ және «Қостанай минералдары» АҚ қоғамдық бірлестігінің «Хризотил» филиалының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Владимир Штукерт. Байқау жеңімпаздарына диплом және 150 000 теңге ақшалай сертификат табыс етілді.

«Жылдың үздік шипажайы» конкурсының жеңімпазы ретінде комиссия «Щучинский» шипажайын лайық деп таныды.

Марапаттау рәсімін аяқтай отырып, ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ мүшелерін сауықтыру және оңалту саласында және кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі үшін конкурс жеңімпаздарына алғысын білдірді.

Жұртшылықпен байланыс бөлімі
интернет-ресурстары деректерінен алып дайындаған

]]>
«ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ШЫМЫР» ДЕП АТАЛҒАН СПОРТ МЕРЕКЕСІ https://petrokazakhstan.kz/kz/%d0%b5%d2%a3-%d3%99%d0%b4%d0%b5%d0%bc%d1%96-%d0%b5%d2%a3-%d1%88%d1%8b%d0%bc%d1%8b%d1%80-%d0%b4%d0%b5%d0%bf-%d0%b0%d1%82%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82-%d0%bc/ Mon, 18 Mar 2024 12:46:28 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=25712

Наурыздың 2 жұлдызында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында волейбол, эстафета, тоғызқұмалақ және “бес асық” ойындары түрлерінен “Ең әдемі, ең шымыр!” атты спорт мерекесі өткізілді. Бұл мерекені кәсіподақ комитетімен бірлесіп Жұртшылықпен байланыс бөлімі ұйымдастырды.

Спорттық мерекеге біздің компанияның ең сүйкімді, ең спортсүйгіш, ең әдемі қыздары қатысты. Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша ең мықтылар анықталды.

Бес асық: “Бес асық” жарысы нағыз мәдениет пен дәстүрдің мерекесіне айналды. Ақмарал Құттыбаева, Салтанат Есжанова, Жанар Қалдыбаева, Жанат Ибрахимова, Айгүл Жалимбетова және Сәуле Әмірханқызы асықтарды цирк жонглерінен кем түспей иіре алатынын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І-орын – Акмарал Құттыбаеваға,  

ІI-орын –  Жанар Калдыбаеваға,

ІІI-орын – Салтанат Есжановаларға бұйырды. 

Тоғызқұмалақ: қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ ойынында
І-орынды Жанат Ибрахимова,
ІI-орынды – Ақбаян Берманова,
ІІІ-орынды – Сауле Әмірханқызы иеленді.

Волейбол. Волейбол жарысына 3 құрама команда:  «Құмкөл-КАМ», «Қаладағы офис», «ТМГО» командалары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша І-орынды «Қаладағы офис» құрама командасы жеңіп алды, «Құмкөл-КАМ» командасы ІI-орынға жайғасса, ІІІ-орын «ТМГО» командасының еншісіне тиді.

Эстафета: Ең тату, ең мықты, ең көңілді. Эстафетаға қатысушылардың барлығын осылай сипаттауға болады. Жарысқа қатысқан “Батылдар”, “Бәйшешек,” “Бірлік”, “Қызғылт пантера”, “Бес жұлдыз” және “Жебе” командаларының мүшелері дәл осындай болды. Спорт алаңында спортқа деген құмарлық қайнап жатты. Әр қатысушы өз командасы үшін жеңіске жетуге тырысты.

Старттар әр түрлі кезеңдерден тұрды: команданы таныстыру, “Үй жинаудың үлкені”, “Скакалкамен жүгіру”, “Аспаз”, “Батпақты кесіп өту”, “Кенгуру” және “Ыстық картоп”. Олардың барысында командаларға іс-әрекет үйлесімділігін, тапқырлық, икемділік пен ептілік көрсету қажет болды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Жебе» командасы жеңіп алды (команда құрамы: Татьяна Федотова, Шолпан Досмаилова, Ольга Ли, Ақмарал Құттыбаева, Нұргүл Суханова), екінші орынды –«Бәйшешек» командасы (команда құрамы: Юлия Түгелбаева, Амина Жанахметова, Гүлмира Жундабекова, Анастасия Гюндюз, Лаура Алиева) үшінші орынды –«Бірлік» командасы алды (команда құрамы: Салтанат Есжанова, Жанат Ерлепесова, Сәрсенкүл Сыздықова, Раушан Жубанияз, Шынар Сейтенова).

Салтанатты жағдайда қатысушылар құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Біз өз тарапымыздан жарысқа қатысушыларды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

P.S. Жарқын мерекені ұйымдастырғаны үшін кәсіподақ комитетіне, жұртшылықпен байланыс және әкімшілік бөлімдеріне алғысымызды білдіреміз!

“СҮЙКІМДІ ХАНЫМДАР ҮШІН”

 

8 наурызда Құмкөл кенішінде Халықаралық әйелдер күніне арналған “Сүйкімді ханымдар үшін” атты мерекелік дискотека болып өтті.

Әдемі ханымдарымызға арнап вахта-40 клубында 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдардағы хиттерден дискотека ұйымдастырылды. Дискотеканың диджейлері әріптестеріміз Жеңіс Жұмахметов пен Мақсат Әшімов болды.

Ойын-сауық конкурстарының белсенді қатысушыларына “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ кәсіподақ комитетінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Жұртшылықпен байланыс бөлімі

 

]]>
Хабарландыру https://petrokazakhstan.kz/kz/%d1%85%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d1%80%d1%83/ Wed, 21 Feb 2024 07:38:14 +0000 https://petrokazakhstan.kz/?p=25554 «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де химиялық тазартылған су беру және ағызынды суларды тазарту қызметтері бойынша көпшілік тыңдау

Өткізу күні: 22.03.2024ж.

Өткізу уақыты:  сағат 11-00-де  

Қызметтер тұтынушылары: «Казықұрт-Оңтүстік» ЖШС, «Шымкент Химиялық Компаниясы» ЖШС

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

Күн тәртібі – реттелетін қызметтердің екі түрі бойынша тарифтерді индекстеу: химиялық тазартылған су беру және ағызынды суларды тазарту.

]]>