ресми сайт
Компанияның тарихы
1986 жыл
Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Оңтүстік Торғай алабында Құмкөл кен орнының өнеркәсіптік игеруі басталды.
1991 жыл
«Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» компаниясы Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ және Оңтүстік Құмкөл кен орындарын өңдеумен айналысатын бірлескен кәсіпорындағы серіктес ретінде Қазақстанның нарығына шықты.
1996 жыл
«Харрикейн» компаниясы бірлескен екі кәсіпорын – «Қазгермұнай» мен «Торғай Петролеум» компаниясындағы 50%-дық үлестерімен бірге «Оңтүстікмұнайгаз» компаниясын сатып алады.
2000 жыл
«Харрикейн» компаниясы республикадағы үш МӨЗ-дің бірін иеленетін «Шымкентмұнайоргсинтез» (ШМОС) кәсіпорнын сатып алады.
2003 жыл
компания қызметінің түрін және компания жұмыс істейтін елдің бейнесін айқын көрсету мақсатында корпоративтік атауы «ПетроҚазақстан Инк.» деп өзгертілді
2005 жыл
«ПетроҚазақстан Инк.» компаниясын «Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясының» еншілес бөлімшесі болып табылатын «CNPCI» компаниясы сатып алды.
2006 жыл
компания «ҚазМұнайГаз» ҰК-қа «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясындағы 33%-дық үлесті табыстап, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды.
2007 жыл
«CNPCI» компаниясы және «ҚМГ» компаниясы арасындағы келісімдердің бір бөлігі ретінде 2007 жылдың 6 шілде күні «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «ПҚОП» ЖШС-нің 50%-дық иелену үлесін сатып алды.
2009 жыл
«ПҚҚР» АҚ-қа «ҚазМұнайГаз» БӨ» компаниясындағы 33%-дық үлесті табыстау бойынша мәміле аяқталды.
2014 жыл
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасына сәйкес «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да «Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру» ауқымды Жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.
2018 жыл
«Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру» Жобасы бойынша процестер толық аяқталды.