/**/

Жаңа ішкі саясат жұмыс істеуде

«ПетроҚазақстан» компаниясының президенті Бо Чилян мырза мәлімдеген және қызметкерлерді белсенді болуға, ашықтыққа және компанияның ішіндегі қарым-қатынасты демократияландыруға шақыратын жаңа саясат іс жүзінде жұмыс істей бастады.

Аталған саясатқа сәйкес үстіміздегі жылдың көктемінде қоғамдық тамақтандыру мен жұмыс жайларын күтіп ұстау бойынша көрсетілетін қызметтерді бақылау жөніндегі «Тамақ» жұмыс тобы құрылды. Құмкөл және ҚАМ кен орындарын іске пайдалану жөніндегі директор Брюс Андерсен бекіткен осы топқа ПҚҚР-дің бірнеше цехы мен бөлімінің, СТР және ҚТ өкілдері кірді.

Жұмыс тобының отырыстары айына екі реті дәйекті түрде өткізіледі және оған қатысып отырған кез келген адам түйінді мәселелерді CIS өкілдерімен талқылау әрқашан да сындарлы арнада өтетініне көз жеткізе алады. Пікір алмасу нәтижесінде өзара түсіністікке қол жеткізіліп, соның арқасында Құмкөл кен орнындағы тамақтандыру және қызмет көрсету сапасы жақсарды.

Топ сондай-ақ Құмкөлдегі мәдени демалыс уақытының, мерекелік концерттердің сапасын жақсарту және кітапхана қорын жаңалау туралы мәселелерді көтереді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz