2009 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласындағы Hyatt Regency Almaty қонақ үйінде «Қазақстанның корпоративтік хатшысы – 2008» деп аталған конкурстың қорытындысын шығару салтанатты рәсімі өтті. Корпоративтік хатшы Анатолий Москвин – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның корпоративтік басқару бастығы – «Қазақстанның корпоративтік хатшысы – 2008» деп аталған республикалық конкурстың жеңімпазы болып шықты. Бұл номинация корпоративтік басқару саласында бірегей орын алады және Қазақстандағы осы институтты жақсартудың келешек жұмыс бағытын белгілеу мақсатымен қазақстандық акционерлік қоғамдарының ең білікті корпоративтік хатшыларын айқындауға бағдарланған.