/**/

«ПетроҚазақстан» III Евразиялық Энергетикалық Форум жұмысына қызу ат салысты

2008 жылғы қыркүйек айының басында Астана III Евразиялық Энергетикалық Форумды қабылдады, оның басты тақырыбы: «Ғаламдық сынақ – энергетикалық шешімдер». Форумның жұмысына ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев, Түркияның энергетика және табиғат ресурстары министрі Мехмет Хилми Гюлер, сондай-ақ мемлекеттік биліктің, қазақстандық және шетелдік бизнес-қоғамдастықтың, дипломатиялық және сарапшылық топтардың көптеген басқа өкілдері қатысты. «ПетроҚазақстан» компаниялар тобынан өкіл ретінде ресми тұлғалар: Вице-президент Исенғалиев Бақытжан (ПҚОСИ), Вице-президент Цзян Ши (ПҚОП), Вице-президент Азамат Ақышев (ПҚОП), Вице-президент Го И (МжТ), Вице-президент Фан Цзячжун (ПҚҚР), Күрделі құрылыс жөніндегі директор Абдолла Әбенов (ПҚҚР) және ЕРжӘ жөніндегі директор Ерлан Жалғасов (ПҚҚР) қатысты. «ПетроҚазақстанның» өкілдері форумның жұмысына қызу ат салысты, сондай-ақ баяндамаларын оқыды. ПҚҚР компаниясының вице-президенті Фан Цзячжун мырза «ПҚҚР компаниясының газды пайдаға жарату жөніндегі бағдарламасы» тақырыбына баяндамасын ұсынды, ал маркетинг және тасымалдау жөніндегі вице-президент Го И мырза «Мұнай-газ құбырлары – өзара сенім арту мен ынтымақтастықты күшейту есебінен тасымалдау қауіпсіздігі» деген тақырыптағы баяндамасын оқыды. Бұл баяндамалар қазақстандық қатысушылардың да, сондай-ақ шетелден келген меймандардың да назарын аударды. Тұтастай алғанда, форум Компанияның өкілдеріне көптеген жаңа іскерлік таныстықтар сыйлады, сондай-ақ бұрынғы серіктестерімен байланысын нығайта түсті.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz