«Арай-Sunrise» балалар лагері
Жазғы лагерьдегі тынығу мезгілінде жиырмадан астам үйірмелер жұмыс жасайды. Халықтық қолданбалы шығармашылық үйірмелеріне сұраныс айрықша арта түсуде. Ұлттың дәстүрлерін, тұрмыс салтын, мәдениетін және қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін қайта түлетіп-жаңғырту мақсатында лагерьде құмыра жасау, кілем тоқу, ши тоқу, сырмақ сыру, құрақ көрпеше құрау, ағашқа ою салу секілді үйірмелер ашылды, сондай-ақ фольклорлық үйірме де жұмыс істейді, мұнда балалар көне ұлттық аспаптарда ойнауды үйренеді. Балалар үйренетін шеберханалардың өздері де киіз үйлерде орналасқан, бұл жерде балақайлар табиғи таза материалмен жұмыс жасай отырып, ұлттық өнердің қойнауына еніп кеткендей әсерде болады, қазақ шеберлерінің рухы мен өзіндік ерекшелігін сезініп, ұғып-түйсінеді. Ата-бабаларымыздың өнерін қазіргі заман ағымына сай бір арнаға тоғыстыра келе, моншақ тізу, ілмекпен тоқу, жұмсақ ойыншық жасау, пейчворк, киім үлгілерін тігу және басқалар секілді үйірмелер ашылды. Бұл заманауи үйірмелер балалардың эстетикалық таным-талғамын дамыта түсуге септігін тигізетіні анық.
2001 жылы Компания ескі бассейнді және тозып кеткен спорт алаңын қайта жаңғыртуға демеушілік етті. Балғындар өздерін нағыз ертегі әлемінде сезіну үшін тәрбиешілердің күшімен сәндік ертегілік композициялар жасалды, атап айтқанда, олар: Робинзон Крузоның лашығы, Шахерезаданың шатыры, Үйшік, Қысқы ертегі, Джунгли бұрышы. Алыстан көз тартарлық сәнді киіз үйлерге шеберлер жайғасқан ұлттық ауыл көрінісі лагерьді ұлттық нақышқа көмкергендей сипат алды.
Нақ сол шақта, арайлықтардың толымды әрі қызықты өмірі баспасөздің қырағы назарының объектісі болған еді және бұдан кейінгі уақытта да солай жалғаса бермек. «Арай Санрайз» балалардың жазғы тынығу лагері екінші мәрте өмірге келген күннен бері жыл сайын 1080 баладан қабылдап келеді, бұған қоса ол республикадағы ең үздік лагерьлердің бірі және балалардың №1 тынығу лагері саналады. Сонымен бірге олардың 50%-ы – бұлар облыс аудандары мен Қызылорда қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбастарынан шыққан балалар, Қызылорда қаласының №1 мектеп-интернатындағы және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам интернат үйіндегі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының және үкіметтік емес сектор өкілдерінің балалары, қалған 50%-ы – компания мен мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің балалары болып отыр. 1997 жылдан бастап «Арай Санрайз» балалар тынығу лагері жаз мезгілінде 20 мыңнан астам бүлдіршіндер үшін бақытты балалық шақ мекеніне айналып келеді. 2016 жылы қызылордалық «Арай Санрайз» балалардың тынығу лагері өзінің құрылғанына 20 жыл толуын атап өткен болатын.