Бибігүл Ахметқызы Төлегенова
Назарларыңызға Ирина Серкебаеваның кітабынан үзінділерді ұсынамыз
«Бибігүл Төлегенова: сүйіспеншілік, үміт және сезім»
Мен өз басыма түскен қиыншылықтарымды айтып, анама ешқашан шағымданған емеспін, ондайды шешем жақтырмайтын. Бүкіл сырын ішінде сақтайтын, өзі қатал адам біздің де мінезіміздің қай- сар болуын қалайтын. Қылтың-сылтың дегенді білмейтін, шағымданып, уайымға салынбайтын және өз өміріндегі қиыншылықтармен салыстырғанда түкке тұрмайтын бірдеңе үшін сықсыңдап жылағанды тіпті түсіне алмауы да мүмкін еді. Мен ұзақ уақыт бойы Гүлфайруз Исмаиловамен достық қарым-қатынаста болдым. Ол менің ең жақын досым болғандықтан сырымның бәрін сонымен бөлісетінмін. Ал анамның мазасын ешқашан алған емеспін. Ал қазір реніш-күйініштерімді ешкіммен бөліспеймін, оның кімге қажеті бар?
Менің ойымша керемет бір мейірімділік көрмесек те, анам бізді өте дұрыс тәрбиелеген. Ол кезде заман сондай еді, біз «халық жауының» отбасы болатынбыз. Қиыншылық пен бақытсыздықтан қирап қалмай тырбаңдап, өмір сүруді үйренуіміз қажет болды. Ал осы машықтың мен үшін өмірдің кез келген кәсіби, жеке, қандай сәттерінде де көп пайдасы тиді. Анам аса шыдамды адам еді.
… Ол жұмысбасты, басы толы идея, соны қалай іске асырамын деп жанталасып жүретін. Шәкең барлық жерге, барлық уақытта үлгеретін. Кино әлемінде өз еңбегімен үлкен абыройға ие болды. Оның арнаулы білімі болмаса да, табиғи талант иесі болатын. Өмірді жақсы білетін, сондықтан нені көрсеткісі келсе де, шынайы шығатын. Түсірген фильмдерінің бәрі қазақ киносының алтын қорына енді.
Мені өзі әзірледі. Ешқашан ашуланып, айқайлап, ұрысқан жоқ. Неге екені белгісіз мені Бибигулиха дейтін. Мен ол кісіге ешқандай қиындық тудырмаған болуым керек. «Тақиялы періште» фильмін түсірер кезде маған: «Ал, Бибигулиха, қазір сен машинаға мініп кетесің, кетесің, кетесің. Үйіңе келесің. Сенің күйеуің жауапты қызметкер, ал сен ондай емессің. Сен тек қана әнді жақсы айтасың. Қазір мамаңа ән айтуың керек» деп, менің рөлімді түсіндірді. Бәрі түсінікті. Бірақ бұл фильмдегі әнді мен орындаған жоқпын. Фильмнің музыкасын жазған Саша Зацепин әнді төмен дауысқа арнап жазыпты. Сондықтан орысшасын Мая Кристалинская айтты. Қазақша вариантын Бақыт Әшімова шырқады. Мен тек рөлді орындадым. Жұрттың бәрі бұл жағдайды білмейді. Барған жерімнің бәрінде «Тақиялы періште» фильміндегі «Мама» әнін орындаңызшы деп қолқа салады. Мен ол әнді білмейтінімді айтсам, олар таңғалады. Сол фильмде Зацепин мен Аймановтың арқасында фонограммамен ән айтуды үйрендім.
Жаңалықтар
Қоршаған әлемді өзгерту
Қоршаған әлемді өзгерту Әрине, әр компания мақсаты – пайдалы әрі табысты жұмыс істеу. Алайда рухани байлық ұмыт қалатын болса, материалдық дүниенің мәні жоғалады. «ПетроҚазақстан» компаниясының ойынша қайырымдылық іс-шаралар адамдардың өмірлерін