ресми сайт

МҰНАЙДЫ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТЫП ӨТКІЗУ

Мұнайды өндіріп, және жоғары сапалы мұнай өнімдерінің кең ауқымды сұрыпталымын шығара отырып, «ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің өнімдерін Қазақстанда да, сондай-ақ республикадан тысқары жерлерде де сатып өткізеді. Құмкөл мұнайы халықаралық нарықта жоғары бағаланады және сапасы жағынан халықаралық «Брент» мұнай эталонына сай келеді.
2006 жылдың шілде айынан бері, «Қазақстан-Қытай құбыр жолы» (ҚҚҚ) «Атасу – Алашанькоу» іске қосылғаннан бастап, «ПетроҚазақстанның» мұнайы Қытай Халық Республикасына жеткізіледі. Бүгінгі таңда ҚҚҚ экономикалық тұрғыдан неғұрлым мақсатқа сай тасымалдау бағдары болып табылады. 2009 жылы ҚҚҚ жүйесі арқылы Қытайға жылына 2,7 млн тонна мұнай жеткізілді, бұл компанияның барлық мұнай экспортының 100%-ын дерлік құрады. 2010 жылдың 1-ші жартысында ҚҚҚ арқылы 1,5 млн тонна мұнай жеткізілді, бұл 2009 жылғы тиісті кезеңнің деңгейінен 13%-ға асты.
Компанияның сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалының құбыр өткізгіш жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар, ол арқылы мұнай ПҚОП, Шымкент мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін тасымалданады. Шымкент мұнай өңдеу зауытында компания жылына 2 млн тоннаға жуық мұнайды қайта өңдейді де, содан кейін мұнайды қайта өңдеудің бензин, дизельдік отын, отындық мазут, авиациялық керосин, вакуумдық газойль және сұйылтылған көмірсутекті газ (СКСГ) сияқты өнімдерін сатып өткізеді. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 4 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері тиеп жөнелтіледі.  СКСГ мұнай өңдеу зауытынан және «Ақшабұлақ» кен орнынан Орталық Азия, Шығыс және Батыс Еуропа елдеріне, сондай-ақ ішкі нарыққа жеткізіледі.
Мұнай өнімдері маркетингінің басым бағыттары ішкі нарық, атап айтқанда, елдің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары сияқты халық тығыз қоныстанған аймақтары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы мен Астана қалалары болып табылады, бұл мұнай өнімдерін жалпы сатып өткізу көлемінің 70%-ын құрайды. Компанияға меншікті және жалға алынған парктің 2240 дана вагон-цистерна тиесілі.
Компанияның мұнай өнімдерін Қазақстанда тұтынатындар ірі және ұсақ автомай құю бекеттері (АҚБ) мен АҚБ желілерінің иелері, әуежайлар, отын-энергетикалық, газ компаниялары, зауыттар, көлік-тасымалдау ұйымдары, фермерлік қожалықтар болып табылады. Экспортқа негізінен мұнай өңдеу зауыттарына арналған вакуумдық газойль және тұрмыстық мақсаттарға, сондай-ақ мұнай химиясына арналған сұйылтылған газ сатып өткізіледі. Экспортқа вакуумдық газойльді экспортқа шығару негізінен Шығыс Еуропаға, ал сұйылтылған газды экспорттау – Орталық Азия елдеріне жүзеге асырылады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz