ресми сайт

БИЗНЕС-БӨЛІМШЕЛЕР

«ПетроҚазақстан» компаниялар тобы бес бизнес бөлімшеден тұрады: өндіруші ББ – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, өңдеуші ББ – «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, корпоративтік қызметтер көрсету жөніндегі бөлімшелер – «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез» АФ, маркетинг және тасымалдау бөлімшелері, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар бөлімшелері.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚҚР) – Оңтүстік Торғай алабындағы мұнай кен орындары мен барлау блоктарының өңдеуін жүзеге асыратын мұнай өндіруші кәсіпорны.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) – Шымкент қаласында орналасқан, шикі мұнайды жоғары сапалы мұнай өнімдеріне өңдеумен айналысатын мұнай өңдеу бөлімшесі.
«ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» (ПҚОСИ) – ПҚОСИ компаниясының жауапкершілік аясына «ПетроҚазақстан» тобының барлық бөлімшелеріне арналған халықаралық тауарлар мен қызметтерді жеткізу, сондай-ақ барлық бөлімшелерге басқарушылық және кадрлық қамтамасыз ету бойынша корпоративтік қызметтерді көрсету кіреді.
«Бірлескен Кәсіпорындар» бөлімшесі компанияның бірлескен екі кәсіпорны – «Торғай Петролеум» АҚ мен «Қазгермұнай» БК» ЖШС-іне инженерлік, геологиялық, геофизикалық, ғылыми-техникалық, маркетингтік, заңгерлік және қаржылық қызметтерді көрсету мақсатында құрылды.
Бөлімшелердің әрқайсысы өзінің қызметін бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асыра отырып, жалпы «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының табысқа жетуіне септігін тигізеді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz