ресми сайт
Газды пайдаға жарату бағдарламасы
Ілеспе газды экологиялық қауіпсіз пайдалану –« ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясы үшін өте маңызды. 2006 жылғы 15 маусымда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ПҚҚР газды кәдеге жарату бағдарламасын бекітті және компания республикада алғашқылардың бірі болып ілеспе газды тиімді пайдалануға бағытталған жобаларды іске асыруды бастады.
Ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасы бірқатар маңызды экологиялық мәселелерді шешеді: ұйымдастырылмаған жану және механикалық күйіктері бар газ шығарындылары, атмосфераға мұнайдың жеңіл фракцияларыныңбуланып бөлінуі, мұнайдың төгілу ықтималдығы және топырақтың ластануы азаяды, Өндірістің өрт қауіпсіздігі едәуір артады. Газды кәдеге жарату бағдарламасын іске асыра отырып, компания электр энергиясын кәдеге жарату нәтижесінде пайдаланады. Бағдарлама аясында «ПҚКР» АҚ Құмкөл кенішінде жалпы қуаты 102 МВт газ турбиналы электр стансасы (ГТЭС) және жалпы қуаты 12 МВт газ поршеньді электр стансасы (ГПЭС) жұмыс істейді. Өндірілетін электр энергиясы мұнай өндіру үшін пайдаланылады және Құмкөл, Қызылқия, Арысқұм және Қарабұлақ кеніштеріндегі «ПҚҚР» АҚ нысандарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Құмкөл, Арысқұм және Қызылқия кеніштеріндегі газды кәдеге жарату цехы (бұдан әрі- ГКЦ) газды мұнайды жылыту пештерінде және өнеркәсіптік аймақ пен вахталық кент қазандығында отын түрінде өз мұқтаждарына пайдалану арқылы ілеспе өндірілетін газды ГКЦ компрессорлық қондырғыларының ішкі жану қозғалтқыштарын қоректендіру үшін және оны Арысқұм кенішінің газ бүркембесіне қайта айдау үшін кәдеге жаратуға арналған. Газдың бір бөлігі Құмкөл ГТЭС электр энергиясын өндіру жолымен кәдеге жарату үшін ұзындығы 60 км Қызылқия-Құмкөл газ құбыры арқылы тасымалданады.
Қойнауқабатқа газ айдау қойнауқабаттық қысымды ұстап тұруға, қойнауқабаттың мұнай беруін арттыруға, сондай-ақ атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын елеулі түрде азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.