ресми сайт
Білім беру саласындағы жобалар
Шымкентте «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС 2000 жылдан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 1957 жылы құрылған № 4 балалар үйін өз қамқорлығына алды. 21 жыл бойы компания жыл сайын балалардың өмір сүру жағдайларын және жалпы өмір сүру деңгейін жақсартуға қаражат бөле отырып, осы балалар мекемесіне әкелік тұрғыда көмектеседі. Компания қаражатына қажетті жабдық, мектеп керек-жарақтары, музыкалық жабдық, кітаптар сатып алынды, спорт залы жабдықталды және мектеп аумағында ойын алаңдары орнатылды. Сондай-ақ, 25 орындық жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда балалар үйінде 100-ден астам бала тәрбиеленуде. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС көмегінің арқасында тәрбиеленушілер үшін қызығушылықтары бойынша оларды дамытуға және оларға әрі қарай тәуелсіз өмір сүру үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін көркемдік, би, хор, тігіншілік, ағаш ұсталығы және темір ұсталығы үйірмелері құрылып, жұмыс істеуде. Компания балалардың толыққанды өмірі мен жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдем көрсетті: компьютерлік, лингафондық сыныптар мен кітапханалар жабдықталды. Осы уақытқа дейін балалар үйіне көрсетілген қаржылық көмек шамамен 57 млн. теңгені құрады.
Сонымен қатар, «ПҚОП» ЖШС кәсіптік бағдар беру бойынша дәрістер мен өндірістік экскурсиялар өткізе отырып, «Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» ДБҰ-мен тығыз әрекеттесіп жұмыс істейді.
Компания тұрмысы төмен отбасыларды, сондай-ақ кәсіпорынға жақын орналасқан «Жұлдыз» елді мекенінің тұрғындарын балаларға қажетті мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін қаражат бөліп қолдауда.
№ 99 және № 94 орта мектептер де компанияның қамқорлығына алған ұйымдар тізіміне кіреді.
Мысалы, № 99 мектепке компьютерлік сыныпқа арналған жабдық сатып алуға, оқу сыныптарына ағымдағы жөндеу жүргізуге, еңбек сабағының кабинетін тігін машиналарымен және басқа да қажетті жабдықпен жабдықтауға 8 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Соңғы 10 жылда № 94 орта мектептің оқу сыныптарын жабдықтауға 6 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.