ресми сайт

КЕН ОРЫНДАРЫН ДАМЫТУ

«ПетроҚазақстан» компаниясы – Оңтүстік Торғай бассейніндегі 10 мұнай кенішінен көмірсутек шикізатын игеріп жатқан ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың бірі.
Қазіргі уақытта «ПетроҚазақстан» компаниясы Құмкөл (оңтүстік-шығыс бөлігі), Құмкөл Оңтүстік, Шығыс Құмкөл, Солтүстік Нұралы, Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ, Қарабұлақ және Бұхарсай кеніштерінде КС өндіруге арналған келісімшарттарды иеленеді.
Сонымен бірге тиісті материалдық базасы, кәсіби біліктілігі, дағдылары, жұмыс күші және барлық басқа да құралдары бар компания «Көлжан» ЖШС-ға ашылған кеніштерде, соның ішінде Солтүстік-Батыс Қызылқия, Батыс Тұзкөл, Солтүстік Кетеқазған кеніштерінде өндіру және бағалау, сондай-ақ Тұзкөл, Жаңбыршы, Батыс Кетеқазған кеніштерін өнеркәсіптік игеруге жайластыру қызметтерін көрсетуде; «ПетроҚазақстан Венчерс Инк.» компаниясына Оңтүстік-Шығыс Досжан, Оңтүстік Досжан және Солтүстік-Шығыс Досжан кеніштерінде қызмет көрсетіп келеді.
Бүгінгі таңда «ПетроҚазақстан» компаниясы ҚР Энергетика министрлігімен Солтүстік Қарабұлақ кенішін өнеркәсіптік игеруге дайындау, жобалық құжаттарды бекіту және КС өндіруге келісімшарт жасасу жұмыстарын жүргізуде.
Барлау алаңдары бойынша келісімшарттардың мерзімдерінің өтуіне байланысты тау-кен бөлісіміне кірген алаңдардағы өндіру учаскелерінен басқа келісімшарттық аумақты мемлекетке 100% қайтару жүргізілуде.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz