ресми сайт

МҰНАЙ ӨНДІРУ

2022 жылдың қорытындысы бойынша «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының мұнай өндіру көлемі 2.685 млн. тонна гросс, ПҚИ үлесінде 1,678 млн. тоннаны құрады. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «ПетроҚазақстан» компаниялар тобындағы нақты мұнай өндіру көлемі 1.486 млн. тонна гросс, ПҚИ үлесінде 0,934 млн. тоннаны, жылдық жоспар бойынша 2,419 млн. тонна, ПҚИ үлесінде 1,502 млн. тоннаны құрады.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «ПҚҚР» АҚ кеніштеріндегі ұңғымалардың жалпы қоры 1221 бірлікті құрады, оның ішінде пайдалану қорында 361 ұңғыма, консервацияда тұрғаны 34 ұңғыма, бақылау қорында 523 ұңғыма және айдамалау қорында 213 ұңғыма, жойылғаны 59 ұңғыма, су жинайтыны 31 ұңғыма.

«Көлжан» ЖШС бойынша ұңғымалардың жалпы қоры 424 ұңғыманы құрайды, оның ішінде 224 ұңғыма өндіру қорында, 50 ұңғыма айдамалау қорында, консервацияда тұрғаны 42 ұңғыма, 83 ұңғыма бақылау қорында және 25 ұңғыма жойылған. ПҚВИ бойынша барлау қоры 52 ұңғыманы құрайды. Компанияның кеніштерінде қолданылатын ұңғымаларды пайдаланудың негізгі тәсілі – бұрандалы, штангілі, тереңдік, сорғы қондырғыларын, штангілі тереңдік сорғы қондырғыларын және батырылмалы электрлі ортадан тепкіш сорғы қондырғылары қолданылатын механикаландырылған әдіс.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz