ресми сайт

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ

«ПетроҚазақстан» компаниялар тобы адамдар, олардың санаткерлік ресурстары мен дарыны ұйымдастырушылық табыстың маңызды құрамдас бөліктері болып табылатынын мойындайды. Біздің стратегиямыз қажетті машықтары мен құзыреті бар, жұмыста жоғары көрсеткіштерге жететін, біліктілігі жоғары жұмыскерлерді тартуға және ұстап тұруға бағытталған.
Осыған байланысты «ПетроҚазақстан» компаниясында қызметкерлерді іріктеу мен таңдау бойынша саясат әзірленген, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына да, сондай-ақ Компанияның өзінің міндеттеріне де сәйкес келеді. Оның мақсаты әділетті әрі дұрыс шешімдер қабылдау үшін жағдай жасау, сондай-ақ ішкі және сыртқы іріктеуді іске асыруда желілік менеджерлер мен іріктеуші топтарға жәрдемдесу болып табылады.
Аталған саясаттың мәні мынадай: бос жұмыс орындарына іріктеу ресімі компаниялар тобының өзі іске асыратын ішкі іріктеу және сыртқы көздерден іріктеу болып екіге бөлінеді. Бұл назарды ішкі іріктеуге көбірек бөлуге мүмкіндік береді де, сол арқылы өзінің қызметкерлерін ілгерілетуге және дамытуға ықпалдасады және басқа жағдайлар мен мүмкіндіктер тең болғанда, оларға артықшылық береді.
Сыртқы іріктеу кезінде компания баспасөз балысымдары, Интернет-порталдар, қызметкерлерді іріктеу бойынша агенттіктер (рекрутингілік агенттіктер) сияқты түрлі көздерді, жеке таныстықтарды, өзінің дерекқорын және т.с.с. пайдаланады, бұл ықтимал кандидаттарды Қазақстанда да, сондай-ақ оның шегінен тысқары жерлерде де іздеу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Кандидаттарды іріктеудегі әділеттік пен шындыққа осындай шешімдерді ұжымдасып қабылдау жолымен қол жеткізіледі. Бұл үшін Компанияда іріктеу топтары құрылады да, оларға желілік менеджерлер, олардың өкілдері, қызметкерлер іріктелетін бөлімдер мен департаменттердің жұмыскерлері, сондай-ақ еңбек ресурстары және әкімшілік департаментінің өкілдері қатысады. Іріктеу топтарына қажет болған жағдайда басқа бөлімдер мен департаменттердің өкілдері де кіргізілуі мүмкін. Әділ шешім қабылдау үшін әңгімелесу, сынақтан өткізу, дене дайындығы бойынша емтихан, ұсыныстамаларды тексеру және т.с.с. сияқты іріктеу әдістері қолданылады.
Осылайша, әділдік және барлық кандидаттарға тең мүмкіндіктер беру қағидасын, сондай-ақ қызметкерлерді таңдау мен іріктеудің түрлі әдістерін пайдалана отырып, «ПетроҚазақстанның» ерекше корпоративтік мәдениеті бар командасының қалыптасыуына ықпалдасады, бұл нарықтың өзіне тән бөлігінде оның жетекші орын алуына мүмкіндік береді.

Құрметті үміткерлер, қысқаша форманы толтырып, түйіндемеңізді жіберіңіз. Біз сізге міндетті түрде хабарласамыз.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz