ресми сайт
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫМДАРЫ
Бұйрыққа сәйкес зауыт аумағында зауыт қызметтері мен мердігер ұйымдардың персоналы қатарынан азаматтық қорғау құралымдары құрылған:
электр желілерін жөндеу жөніндегі апаттық-техникалық топ
ауа және жылу желілерін жөндеу жөніндегі апаттық-техникалық топ
су желілерін және кәріздерді жөндеу жөніндегі апаттық-техникалық топ
радиациялық барлау звеносы
және байланыс жөніндегі апаттық қалпына келтіру тобы
қорғау құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі топ
құтқару командасы
санитарлық жасақ
Мердігер ұйымдар базасында:
- құтқару жасағы
- азық-түлікпен жабдықтайтын жылжымалы пункті
- жылжымалы авто жанар-жағармай стансасы
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, азаматтық қорғау күштерінің құрамына:
- газдан құтқару жасағы
- өрт сөндіру-апаттан құтқару бөлімі
- қоғамдық тәртіпті сақтау тобы сияқты штаттық құралымдар кіреді
Азаматтық қорғау құралымы зауыт аумағында да, одан тыс жерлерде де табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған барлық қажетті жабдықтармен, мүліктермен жабдықталған.
«ПКОП» ЖШС-да азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін Азаматтық қорғаныс істері жөніндегі штаб (АҚ штабы) құрылған, оның құрамына:
- АҚ штабының бастығы – Еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы, ЕҚҚжЭ департаментінің директоры
- Материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету бойынша – Экономика және жоспарлау жөніндегі директор және Қаржылық тәуекелділіктерді бақылау жөніндегі директор
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша – Қауіпсіздік қызметінің бастығы
- Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша – өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі аға инженер
- Эвакуациялау, әлеуметтік қамтамасыз ету және тамақтандыру мәселелері бойынша – ӘҚМжПБ департаментінің директоры
- Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша – Техникалық директор және Бас инженер
- Байланысты және хабарлауды ұйымдастыру бойынша – Ақпараттық технологиялар жөніндегі менеджер
- АҚ штабы бастығының көмекшісі ретінде – АҚжТЖ жөніндегі үйлестіруші кіреді
АҚ штабының мүшелері: Өндіріс жөніндегі директор, бас энергетик, бас механик, бас метролог, бас технолог, ИжЖБД жобаларды бақылау жөніндегі директоры.