ресми сайт

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Өндірістік нысандардағы экологиялық қауіпсіздік – Компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Табиғатты тиімді пайдалануға инвестиция салу арқылы «ПетроҚазақстан» компаниясы барлық өндірістік нысандардағы және іргелес жатқан аумақтардағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым нысандарын салуда.
Өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында Компания халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін, ресурс үнемдейтін технологиялар мен процестерді енгізуге, табиғат қорғау іс-шараларына жыл сайын айтарлықтай қаржы бөледі.
«ПКОП» ЖШС әлеуметтік экологиялық жобаларға белсенді қатысады. Кәсіпорын аумағында және санитарлық-қорғалатын аймақта ағаш көшеттері мен жасыл желектерді отырғызу бойынша жыл сайын акция өткізеді.
Ірі экологиялық оқиғаларды болдырмау, атмосфераға шығарылатын шығарындылар бойынша талаптарды, ағызынды суларды және қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу талаптарын сақтау, қалдықтарды азайту, өңдеу және қайта пайдалану – Компанияның табиғатты қорғау қызметіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады.
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес «ПКОП» ЖШС-да шекті-рұқсат етілген шығарындылар мен төгінділердің белгіленген нормативтерінің сақталуын бақылау және зауыттың санитарлық-қорғалатын аймағындағы топырақ сапасын бақылау аясында зауыт нысандарына тексеру жүргізіледі және қоршаған орта компоненттерінің жағдайына аспаптық өлшеулер жүргізіледі.
Тазалау құрылғыларын жаңғырту аясында мұнай шламын өңдеу торабы салынып, пайдалануға берілген. Мұнай шламын 2 фазаға бөлетін және ұсталып (сүзіліп) алынған мұнай өнімдерін технологиялық процеске қайтаратын декантерлік қондырғыда өңдеу қарастырылған. Бұл шара экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, себебі ол кәсіпорынның шламжинағыштарында мұнай өнімдерінің жиналуын болдырмайды.
2022 жылы тазартылған ағызынды сулардың қайтарылған және қайта пайдаланылған өнеркәсіптік ағызынды сулардың көлемі 1167,726 мың м3 құраған, оның ішінде өрт сөндіру жүйесіне 647,780 мың м3 тазартылған ағызынды су қайтарылған. Ультрасүзгілеу және кері осмос сияқты «Терең тазалау» қондырғыларынан кейін айналма сумен жабдықтау блогына 519,946 мың м3 тазартылған ағызынды су берілген, бұл осынша көлемдегі таза техникалық суды үнемдеуге мүмкіндік берген.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz