ресми сайт

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

Сақтық принципіне (БҰҰ 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында Қоршаған ортаны қорғау және оны дамыту жөнінде қабылдаған декларациясының 15 принципіне), сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экологиялық менеджменті жүйесінің талаптарына және ҚР заңнамасының қосымшаларына сәйкес әрбір жобаны жоспарлау кезеңінде қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер нұсқаларының экологиялық және өзге де салдарларын айқындау үшін, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, тозуын, бүлінуін және сарқылуын болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жүргізіледі.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «ПКОП» ЖШС-да жаңа технологиялық қондырғылардың құрылысы аяқталды. Пайдалануға енгізілген нысандар экологияға оң әсер етеді, олар қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды азайтуға мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаға әсерін бағалау «ПКОП» ЖШС мұнай өңдеу зауытының қазіргі жағдайын талдау негізінде, қабылданған ұйымдастыру-техникалық шешімдердің негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-әдістемелік құжаттарына сәйкес жүргізілген.
«ПКОП» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау. Түзету енгізу» жобасына «Мемсараптама» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан 2019 жылғы 24 қазанда № 01-0429/19 оң қорытынды алынған.
«ПКОП» ЖШС-да зауытқа жақын орналасқан елді-мекен (қала) тұрғындарымен (жұртшылықпен) жақсы қарым-қатынас, байланыс орнатылған. Зауытқа жақын орналасқан елді-мекен тұрғындарының өкілдері жиналыстарға, қоғамдық кездесулерге шақыртылып тұрады. Оларға туындаған мәселелері бойынша толық ақпарат ұсынылады. Зауытқа жақын орналасқан Қарабастау және Ворошилов елді-мекендерінің жұртшылық өкілдері, билері, ақсақалдары мен еңбек ардагерлері үшін өндірістік экскурсия ұйымдастырылады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz