ресми сайт
АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРҒА ӘРЕКЕТ ЕТУ
Апаттық жағдайларға әрекет ету дайындығының деңгейін арттыру үшін тәжірибелік және теориялық сабақтар, түрлі деңгейдегі оқу-жаттығулар мен жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады. Технологиялық қызметкерлерде әрекет ету мен апаттық қызметтермен өзара әрекеттестіктің тәжірибелік дағдыларды әзірлеу үшін зауыттық оқу-жаттығу дабылын өткізу бекітілген Жоспар – кестесіне сәйкес зауыттың апаттық қызметтерін және уәкілетті органның өкілін тарта отырып практикалық оқу-жаттығу дабылы, сондай-ақ зауыттың барлық газ-қауіпті объектілерінде цехтық апатқа қарсы жаттығулар жүргізіледі.
«ПКОП» ЖШС жұмыскерлері мен нысандарын қорғау мақсатында «Азаматтық қорғаныс жоспары» және «Төтенше жағдайларды жою жоспары» әзірленіп, бекітілді. «ПКОП» ЖШС аумағында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы хабарлау және байланыс сұлбасы әзірленіп, бекітілді.
Зауыт аумағында азаматтық қорғанысты басқаруды ұйымдастыру үшін мыналар қолданылады:
- ведомствалық АТС базасындағы телефон байланысы
- ұялы байланыстың корпоративтік желісі;
- транкингті байланыс;
- зауытішілік радио;
- «ГЕРМЕС» тәулік бойы автоматты хабарлау жүйесі, (басқармаға және төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған тұлғаға, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімі қарауылдардың жеке құрамына хабарлау үшін);
- дауыс зорайтқыш байланыс және азаматтық қорғаныс туралы хабарлау жүйелері.
Жүйелерге ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі менеджер қызметі, сондай-ақ шарт бойынша мамандандырылған ұйымдар қызмет көрсетеді.
2022 жылы «ПКОП» ЖШС-да апаттар болған жоқ.