ресми сайт
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «ПКОП» ЖШС-да жаңа технологиялық қондырғылар салынды. Пайдалануға берілген нысандар экологиялық тұрғыдан тиімді, олар қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды азайтуға мүмкіндік береді.
2017 жылдың шілде айында К4 және К5 класты отындарды шығаратын изомерлеу қондырғысы іске қосылды. К4 және К5 класты отындарды пайдаланған кезде атмосфераға шығарылатын күкіртті ангидридтің мөлшері азаяды, бұл өңірдегі экологиялық жағдайды жалпы жақсартуға мүмкіндік береді.
Қуаты жылына 2000 мың тонналық RFCC (1000) ауыр қалдықтарды каталитикалық крекингтеу қондырғысында DO-1014 түтін трубасында түтінді газды ылғалды тазалау жүйесі (BELCO жүйесі) (ылғал газ скруббері) бар (отынды газды жағу). BELCO компаниясының шығарылатын газдарды ылғалды тазалау технологиясы (EDV) каталитикалық крекинг қондырғысының шығарындыларындағы қатты бөлшектер мен SОx мөлшерін азайтуға арналған (оның тазалау коэффициенті 98%-ға дейін жетеді).
Резервуар парктері (тит. 3600) қаныққан көмірсутек шығарындылары мөлшерінің азаюын ескеріп салынған, себебі олар бу шығарындыларының 95%-н ұстап қалатын қалқымалы қақпақпен және азот жастықшасымен жабдықталған. Сорапты агрегаттар үшін өнімді резервуар паркіне қайтаратын желі қарастырылған және минималды ағымды ұстап тұру үшін реттегіш сақтандырғыш-клапан орнатылған.
Технологиялық процестің барлығы технологиялық режимді қатаң сақтаумен, экологиялық оқиғалардың алдын алумен және технологиялық нұсқаулармен, технологиялық регламентпен келісілген технологиялық бақылау нормаларын сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Қуаты жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы пайдалануға енгізілген. Қондырғы бұрын факелде жағып жіберетін қышқыл газдарды кәдеге жаратып, тазалығы 99,9 %-дан жоғары күкірт алуға арналған. Осы күкірт өндіру қондырғысын іске қосуға байланысты атмосфераға шығарылатын күкірттің қос тотығының (SO2) шығарындысы 21%-ға азайды.
Жаңғырту жобасының 2-кезеңі аясында жылына 15 000 тонна күкірт өндіретін кешен (КӨК) іске қосылған. Қондырғы бұрын факелде жағып жіберетін қышқыл газдарды кәдеге жаратып, тазалығы 99,9 % болатын күкірт алуға арналған. Осы күкірт өндіру кешенін іске қосуға байланысты атмосфераға шығарылатын күкірттің қос тотығының (SO2) шығарындысы 48%-ға азайды. КӨ кешенін іске қосуға байланысты атмосфераға шығарылатын күкірттің қос тотығының (SO2) мөлшері 1476 тоннадан 710 тоннаға дейін азайды.
Тауар-көлік басқармасында мұнай өнімдерін нүктелік құю қондырғысы іске қосылды. Мөлдір мұнай өнімдерін нүктелік құятын қондырғыны пайдалануға енгізуге байланысты құю кезінде атмосфераға жеңіл ұшатын көмірсутектердің мөлшері азайды. Жеңіл ұшатын көмірсутектердің үлесі 7%-ға азайды.
Дренаж суларымен бірге шығатын мұнай өнімдерінің төгінділерін азайту және кәсіпорынның кәріз желілерінің жұмысын жақсарту үшін резервуарлардың дренаж суларын көмірсутек құрамдаушыларына және суға алдын ала бөлетін жүйесі біріктірілген автоматты дренаждау жүйесінің пилоттық нұсқасы енгізілген және ол өзін жақсы жағынан көрсетті.
Жаңғырту аясында жаңа тазалау құрылғылары пайдалануға енгізілді. Бұл зауыттың тазалау құрылғыларының қуатын жоғарылатуға және ағызынды суларды тазалау сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Кері осмос қондырғысында ағызынды суларды қосымша тазалау жылына 1,5 млн. м3-ге дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Салынған жабдықтар саңылаусыз орындалғандықтан атмосфераға шығатын ластағыш заттардың мөлшері мен жаман иісін азайтуға мүмкіндік береді. Ластағыш заттардың шығарындыларын иіссіздендіру қондырғысына бұруға және жаңа саңылаусыз құрылғыларды енгізуге байланысты зауыттың тазалау құрылғыларынан шығатын қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің шығарындылары 17 %-ға азайды.
Тазалау құрылғыларын жаңғырту жөніндегі жұмыстардың аяқталуының арқасында мұнай өнімдері мен қалқыңқы заттар бойынша өндірістік ағызынды суларды тазалау тиімділігі 76%-дан 98%-ға дейін жақсартылды, нәтижесінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың мөлшері азайып, экологияға жүктеме азаяды.
«ПКОП» ЖШС-да ластауыш заттардың үлестік шығарындылары:
Мұнай өңдеу, өңделген 1000 т. мұнайға / тоннамен | 2020 | 2021 | 2022 |
---|---|---|---|
2,2 | 2,98 | 3,38 |