ресми сайт

СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ

«ПКОП» ЖШС су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалануға ұмтылады. 2019 жылғы 1 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасының су ресурстарын сақтауға өзінің үлесін қосуға ниетті екені туралы ресми мәлімдеді. «ПКОП» ЖШС су ресурстарын тиімді басқару ережелерін (ҚМГ компаниясының суды тиімді пайдалану жөніндегі 8 ережесін) қолдайтынын білдірді. Бұл бастаманы «ПКОП» ЖШС-ның бірінші басшылары қолдады.

«ПКОП» ЖШС-да Су қорғау іс-шаралары әзірленген және орындалуда (Арал-Сырдария бассейнінің су нысандарын қалпына келтіру мен қорғау жөніндегі бассейндік келісім).

Мұнай өңдеу зауытына техникалық су сумен жабдықтайтын үш көзден жеткізіледі:

Техникалық сумен қамтамасыз ететін бірінші көзі – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС, яғни олардан ауыз су сапасындағы су алынады.
Зауыттың технологиялық қажеттіліктері үшін сумен жабдықтайтын екінші көз ретінде өндірістік-техникалық жер асты суларын өндіруге алынған рұқсатқа сәйкес өз ұңғымаларынан (меншікті су жинағыштан) алынатын су пайдаланылады. Рұқсат №№ KZ10RTE00113314.
Техникалық сумен жабдықтайтын үшінші көз: 2016 жылдан бастап «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ-нан техникалық су алына бастады. Техникалық су зауытқа олардың су құбырымен жеткізіледі.
Өз қажеттіліктеріне арналған су тұтыну, өңделген мұнайдың м3 / тонна 2020 2021 2022
1,14 1,021 0,88

«ПКОП» ЖШС-дағы су бұру (кәріз) жүйесі:

Мұнай өңдеу зауытының өндірістік объектілерінде шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесі және өндірістік ағызынды сулар мен жаңбыр суларының кәріз жүйесі бар. Мұнай өңдеу зауытында өндірістік ағызынды сулар мен жаңбыр сулары кәрізінің екі жүйесі бар:
Өндірістік ағызындылар мен жаңбыр сулары кәрізінің бірінші жүйесіне жаңа технологиялық қондырғылардан тауар асты суы, жуу суы, жаңбыр суы, технологиялық конденсат сияқты құрамына мұнай араласқан, бейтарап ағызынды сулар ағызылады. Өндірістік ағызындылар мен жаңбыр сулары кәрізінің екінші жүйесіне химиялық ластанған ағызындылар, жабдықтарды тазалау үшін пайдаланған сулардың ағызындылары, су дайындау қондырғысынан шығатын ультрасүзгілеу қалдықтары, буландырылған қышқыл ағызындылар ағызылады. І және ІІ жүйенің ағызынды сулары құм аулағыштарда, мұнайұстағыштарда (сүзгілерде), радиальды тұндырғыштар мен флотаторларда бөлек параллельді механикалық және физика-химиялық тазалаудан өтеді. Тазалау құрылғылары мұнай өнімдерімен және қалқыңқы заттармен ластанған ағызынды суларды тазалау үшін арналған.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытынан шығатын өндірістік ағызынды сулар Түркістан облысының Ордабасы ауданында орналасқан буландырғыщ-тоғанға барып құйылады. Су жинап, буландыратын аталған тоған Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13-15 км жерде, Ынтымақ ауылынан оңтүстікке қарай 5-7 км жерде тұрғындар аз қоныстанған шөлейт жерде орналасқан. Түрлі деңгейдегі үш буландырғыш тоған бір-бірінен біртекті үйінді жер бөгеттерімен бөлінген. Буландырғыш тоғандардың су бетінің ауданы – 78,22 га. Бірінші тоғанның су бетінің ауданы – 16,0 га, екінші тоғанның ауданы – 25,72 га, үшінші тоғанның ауданы – 36,5 га.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz