ресми сайт
Экологиялық менеджмент жүйесі
- ISO 140012015 стандартына сәйкестік сертификаты (сілтемені ашу)
- ҚР ISO 50001:2012 стандартына сәйкестік сертификаты (сілтемені ашу)
«ПКОП» ЖШС-да Экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) әзірленіп, енгізілген және ол жұмыс жағдайында ұсталады және тұрақты жетілдіріліп отырады. ISO 14001:2015 халықаралық стандартына сәйкестік сертификаты бар. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның сапа, өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында саясаты жасалған.
«ПКОП» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі саясатын іске асыру үшін, сондай-ақ өңірдің қоршаған ортасы жағдайына әсер етуге байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жыл сайын өз алдына мақсаттар мен міндеттер қояды. ISO 14001:2015 талаптарына сәйкестікке жүйелі түрде қадағалау және ре-сертификациялау аудиттері жүргізіледі. ЭМЖ жұмысына жыл сайын талдау жүргізіледі, ЭМЖ жұмысы нәтижелілігінің сандық көрсеткіштері Компанияның есептерінде көрсетіледі.
ЭМЖ негізі басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз ететін және мыналардың маңыздылығын көрсететін процесстік тәсілді қолдану болып табылады:
талаптарды түсіну және орындау
процестерді қосымша құндылық тұрғысынан қарастыру қажеттілігі
жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу
объективті өлшеуге негізделген процестерді тұрақты жақсарту
«ПКОП» ЖШС-да:
процестердің нәтижелі жұмыс істеуін және оларды нәтижелі басқаруды қамтамасыз ету үшін қажетті критерийлер мен әдістер анықталған және олар қолданылады (мониторинг, өлшеулер және қызмет нәтижелерінің тиісті көрсеткіштері)
осы процестер үшін қажетті ресурстар анықталған және олардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі
осы процестерге қатысты міндеттер, жауапкершіліктер мен өкілеттіктер анықталып, бөлінген
тиісті процестер бағаланады және қажеттілігіне қарай процестер белгіленген нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі үшін қажетті өзгерістер енгізіледі
Экологиялық аспекті мен қоршаған ортаға әсердің арасындағы байланыс себеп пен салдардың байланысы екенін, сондай-ақ кез-келген экологиялық аспект Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін қызметінің элементімен байланысты екенін басшылыққа ала отырып, Кәсіпорында DP-13-01-15 «Маңызды экологиялық аспектілерді анықтау» процедурасы дайындалып, қолданысқа енгізілген. Бұл процедурада Кәсіпорынның экологиялық аспектілерін сәйкестендіру және олардың маңыздылық дәрежесін анықтау әдісі айқындалған.
Қызметтің экологиялық аспектілерін сәйкестендіру, олардан маңызды аспектілерді бөлу, олардың сипаттамаларын бағалау – «ПКОП» ЖШС-ның табиғатты қорғау қызметінің басым жақтарын анықтау, экологиялық іс-шараларды әзірлеу, «ПКОП» ЖШС қызметінің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету бойынша жоспарлы іс-шараларды негіздеу мақсатында жүргізіледі.
Экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және олардың ішінен маңыздыларын бөлу «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметінің қоршаған ортаға бұрынғы, қазіргі және әлеуетті мүмкін әсерін анықтайтын тұрақты процесс болып табылады.
Экологиялық аспектілерді бағалау нәтижелері «Маңызды экологиялық аспектілердің тізілімі» формасында ресімделеді. Олар экологиялық менеджмент жүйесінің тіркелген деректері және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен іс-шаралардың бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да экологиялық аспектілерді сәйкестендіру процедурасын ұйымдастыру, оның ішінде маңызды экологиялық аспектілерді анықтау, «Маңызды экологиялық аспектілердің тізілімін» жасау, оны бекіту және жоғары басшылыққа дейін жеткізу жауапкершілігі Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаментіне жүктелген.
Анықталған экологиялық аспектілердің тізілімі мына жағдайларда жоспардан тыс қайта қаралады:
жаңа процестерді енгізген немесе ескі процестерді жақсартқан жағдайда
жаңа технологияларды немесе жаңа жабдықтарды игерген жағдайда
жаңа өнімдерді, жаңа жобаларды енгізген жағдайда
жаңа шикізат түрлерін игерген және т.б. жағдайларда
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдылықты сақтау үшін «ПКОП» ЖШС-да Кәсіпорынның қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына және басқа да нормативтік құжаттары мен талаптарына мониторинг жүргізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметке қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптармен қамтамасыз ету «ПКОП» ЖШС-ның біріктірілген басқару жүйесінің бөлігі болып табылады. Осы мақсатта DP-10-03 «Заңнамалық актілердің талаптары және басқа да талаптар. Сәйкестікті бағалау» құжатталған процедурасы әзірленіп, енгізілген және жұмыс жағдайында ұсталады. Онда қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да талаптарды сәйкестендіру және оларға қол жеткізу тәртібі, сондай-ақ осы ақпаратты өзектендіру тәртібі белгіленген. Барлық қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптар Экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу кезінде ескерілген. «ПКОП» ЖШС қабылдаған Саясаты негізінде олардың қолданылуына кепілдік береді.
«ПКОП» ЖШС-да Серіктестіктің басқаруында жұмыс істейтін тиісті персоналдың және барлық мүдделі тараптардың назарына қолданылатын талаптар тұрақты негізде жеткізіледі.
«ПКОП» ЖШС-да DP-10-03 «Заңнамалық актілердің талаптары және басқа да талаптар. Сәйкестікті бағалау» құжатталған процедурасына сәйкес:
- экологиялық аспктілерге байланысты заңнама талаптарын және басқа да талаптарды сақтау міндеттемелері айқындалып, оларға қол жеткізу қамтамасыз етілген
- міндетті талаптардың кәсіпорынға қатысты қалай қолданылатыны айқындалған
- тиісті міндетті талаптар Біріктірілген басқару жүйесін әзірлеу, енгізу, жүйенің жұмыс істеуі және жүйені тұрақты жақсарту кезінде ескерілген
Кәсіпорын өзінің әрі қарайғы қызметін сәйкестендірілген қауіптіліктер мен мүмкіндіктерді (SWOT-анализ), маңызды экологиялық аспектілерді (маңызды экологиялық аспектілердің тізілімін), қабылдаған міндеттемелерін (қоршаған ортаны қорғау саласында «ПКОП» ЖШС-ның қызметіне қолданылатын заңнамалық және нормативтік актілердің тізбесін) ескере отырып, жоспарлайды. Даму жоспарлары, бизнес-жоспарлар, бюджет, өндірістік жоспар осындай жоспарлаудың нәтижелері болып табылады.
«ПКОП» ЖШС-да DP-13-01-19 «Қоршаған ортаға бақылау жүргізуді ұйымдастыру» процедурасының талаптарына сәйкес Экологиялық менеджмент жүйесіне мониторинг және процестерді өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Экологиялық менеджмент жүйесіне мониторинг жүргізу және процестерді өлшеу – процестердің жағдайын бақылау және олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу қабілетін дәлелдеу үшін жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері түзету және алдын алу әрекеттерін әзірлеу және іске асыру үшін бастапқы ақпарат болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды көрсеткіштердің барлығын өлшеуді бекітілген жоспар-кестелерге сәйкес жүйелікпен зауыт зертханасы жүргізеді. Сондай-ақ барлық өлшеулерді осындай өлшеулерді жүргізуге лицензиясы бар сыртқы ұйымдар да жүргізеді, ол өлшеулер «ПКОП» ЖШС-ның сұрауы бойынша, сондай-ақ сыртқы бақылаушы ұйымдардың сұрауы бойынша жүргізіледі.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасына мониторинг жүргізу үшін және өндірістік процестердің параметрлерін бақылап, қадағалау үшін «ПКОП» ЖШС-да аспаптық өлшеу базасы бар.
Өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін «ПКОП» ЖШС-да өндіріс метрологиялық қамтамасыз етілген.
Барлық өлшеу құралдары:
мерзімді калибрлеуден немесе тексеруден өткізіледі
ретке келтіріліп, дәлдігі тураланып тұрады
қызмет көрсетіледі және жөндеуден өткізіледі
Мониторинг және өлшеу жүргізу құрылғыларын сақтау мен пайдалану жағдайлары оларды зақымданудан және олардың жұмысына заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Мониторинг және өлшеу жүргізу құрылғыларының істемей қалғаны анықталған жағдайда олар пайдалануда тұрған жерінен алынады, ал осындай мониторинг және өлшеу жүргізу құрылғыларын пайдаланып жүргізілген өлшеу нәтижелері дұрыс жұмыс істейтін жабдықтарды пайдаланып, қайта тексеріледі. Қайта жүргізілген өлшеу мен мониторинг нәтижелері құжатталып, тіркеледі. Бұзылып қалған өлшеу және мониторинг құрылғылары жөнделеді немесе ауыстырылады.
Калибрлеу, техникалық қызмет көрсету және өлшеу нәтижелері бойынша құжатталған ақпарат жұмыс жағдайында ұсталады.
Мониторинг нәтижелерінің деректерін тіркеу қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарымен реттеледі. Мониторинг нәтижелері жөніндегі барлық ақпарат табиғатты қорғау бөлімінде жүйеленеді.
«ПКОП» ЖШС өндірістік қызметін жүзеге асыратын өңірлерде дәстүрлі өмір салтын жүргізетін жергілікті халық жоқ.