ресми сайт

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

«ПКОП» ЖШС өзінің өндірістік қызметін ҚР табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізеді және қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында тиісті іс-шараларды орындайды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға жыл сайын жұмсайтын шығындары миллиард теңгеден асады.
«ПКОП» ЖШС-да бағдарламаға сәйкес энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу жобалары енгізілген. ҚР ЭМ-мен келісілген, табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Компанияның табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға жұмсайтын қаржысының жыл сайын өсу динамикасы байқалады.
Осы ретте, өндіріс көлемінің өсуіне, мұнай өңдеу көлемінің артуына және жаңғырту жобасы бойынша жаңа нысандардың іске қосылуына қарамастан қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың мөлшері көбеймегенін айту қажет. Бұл кәсіпорынның іске қосқан нысандарының «жасыл технологиялар» мен «жасыл экономика» талаптарына сәйкес келуіне байланысты.
Сондай-ақ, кәсіпорында тазалау құрылғыларын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Зауыттың тазалау құрылғыларын жаңғырту олардың қуатын жоғарылатуға және ағызынды суларды тазарту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Кері осмос қондырғысында ағызынды суларды қосымша тазалау жылына 1,5 млн. м3-ге дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жерде барлық жабдықтар саңылаусыз орындалғандықтан тазалау құрылғыларынан атмосфераға шығатын ластағыш заттардың шығарындылары 90%-ға дейін азаяды.
Айналма сумен жабдықтау блогын және тазалау құрылғыларын жаңғырту жобалары кіретін, «ПКОП» ЖШС-ның су ресурстарын тиімді пайдалану және үнемдеу жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындағаннан кейін айналма жүйелерге берілетін таза суды тұтыну 30-35%-ға азайды. Жаңғырту нысандары бойынша су тұтыну көлемі жалпы су тұтыну көлеміне қарағанда 9%-ға азайды.
Есепті кезеңдер ішінде қоршаған ортаға эмиссияға нормативтен асқан төлемдер төленген жағдайы болмаған.
Жыл сайын GRI халықаралық ұйымының талаптарына сәйкес тұрақты даму саласындағы есеп дайындалады. Есеп «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогының басты кеңсесіне ақпан айында өткен жылдың есепті кезеңіндегі кәсіпорын жұмысының қорытындысы бойынша жіберіледі.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz